Құрбандықты уақытында шала алмаса, не істеу керек?

 Құрбандық шалу ниетімен сатып алынған малды уақытысында соя алмаған тұрмысы төмен кісі ол малды тірідей садақа етіп береді.  Ал, бай-бақуатты кісі малдың құнын ақшалай кедей-кепшікке таратуы тиіс[1].

Сондай-ақ, құрбандық ниетімен сатып алынған малы өліп қалса, тұрмысы төмен кісі басқа мал сатып алып, құрбандық шалуына міндетті емес. Бақуатты кісіге – міндет[2].

[1] Әл-Айни, әл-Биная – 12/31 бет.
[2] Бадаиғ – 289-290 бет.
Абдусамат Қасым
date10.10.2013readCount4858categoryҚұрбанprintБасып шығару