old.muslim.kz Құрбандыққа шалынған малдың қай ағзасы желінбейді? - Muslim.kz
Құрбандыққа шалынған малдың қай ағзасы желінбейді?
Ассалаумағалейкум! Сіздерден сұрайын дегенім, құрбандыққа шалынған малдың барлық ағзасы жеуге жарамды ма? Ешқандай шектеу қойылмаған ма?

Уағалейкумассалам!

Жалпы, еті адал малдардың мына ағзалары желінбейді: аққан қаны, аталық-аналық мүшелері, дорба бездері, қуығы, өті.  Өйткені, Алла Тағала Құранда: «..Жақсы нәрселерді олар үшін адал етіп, жек көрінішті жаман нәрселерді харам етті»[1], – дей келе, таза азықпен азықтануымызды білдіріп тұр. Ал, жоғарыдағы ағзалар, жалпы алғанда, адам табиғаты үшін ұнамсыз саналатын нәрселер. Сондықтан оларды жеу – харам[2].

Сондай-ақ, ардақты Пайғамбарымыздан келген мүрсәл бір хадисте: «Алла Елшісі қойдың мына ағзаларын (харамға жақын) мәкрүһ санайтын: аталық-аналық мүшелерін, дорбасын, бездерін, өтін, қуығын, қанын», – делінген[3].

[1] Ағраф – 157 аят.
[2] Бадаиғ –6/272 бет; Ибн Ғабидин, әл-Һадия – 194 бет.Имам Ағзам қанды – харам, ал қалғандары харамға жақын мәкрүһ деген  
[3] Байһақи, әс-Сүнәнуль Кубра.
Абдусамат Қасым
date09.10.2013readCount9557categoryҚұрбанprintБасып шығару