Қыз баласына құрбандық шалуына бола ма?
Ассалаумағалейкүм! Менің бір сұрағым бар еді, қыз баласына құрбан шалуға немесе бауыздағанын көруге болады ма? Сол жайында толығырақ айтсаңыздар! Айман Шынтаева

Уағалейкумуссалам, Айман! Әйел кісіге өз қолымен құрбадығын шалуына да, сондай-ақ, өзгеге шалдыртқанда қасында қарап тұруына да болады, мұның ешбір ағаттығы жоқ. Бұған дәлел келтірер болсақ, «Әл-Мүстәдрак» атты хадис жинағында келген бір риуаятта Алланың Елшісі (с.ғ.у.) қызы Фатимаға: «Ей, Фатима! Құрбандыққа шалынатын малыңның қасына барып, қарап тұр! Оның қанының алғашқы тамшысы сенің өткен күнәларыңның кешірілуіне себеп болады. Құрбан шалынып жатқанда мынаны оқы: «Сөзсіз менің намазым да, құлшылығым да, өмірім де, өлімім де бүкіл әлемнің Раббысы Аллаһ тағала үшін!»[1], – деп кеңес еткен.

[1] Әл-Мүстәдрак: әл-Адзахи – 3129 баб/7599 хадис.
Абдусамат Қасым
date07.10.2013readCount5279categoryҚұрбанprintБасып шығару