Жесір әйелге құрбандық шалуына болмайды деген рас па?
Ассалямуалейкум! Сіздерден сұрайын дегенім: Құрбан шалуға ниет еткен әйел кісіге бір танысы «жолдасыңның (күйеуі) қайтыс болғанына 3 жыл болған жоқ, саған құрбан шалуға болмайды» депті. Енді ол кісі түсініксіз жағдайда, не істесе болады? Жауапты жылдамырақ берсеңіздер екен! Аллаһ разы болсын. Маржан.

Уағалейкумуссалам!
Маржан, егер әйел кісі бақуатты болса, құрбан шалуы – уәжіп. Бақуатты болмаса, құрбан шалуға міндетті емес, дегенмен сауап үшін құрбан шалуына да болады, етін таратпай өзіне қалдыруына құқылы. Ерінің қайтыс болуы құрбан шалуына кедергі емес. Әрбірден соң, мүмкіндігі болса, қайтыс болған ерінің атына арнап бөлек құрбан шалып, сауабын марқұм жарының рухына бағыштап жібергені дұрыс. Бірақ міндет емес. 

Абдусамат Қасым
date04.10.2013readCount5496categoryҚұрбанprintБасып шығару