Ұйқыдан оянғанда «мәзи» көрсе, ғұсыл керек пе?
Мен күнде азанда тұрғанда қысқа мерзімнен кейін  бойымнан аз сұйықтық байқаймын. Мұндай жағдайда әр күн сайын таңертең ғұсыл құйынып отыруым керек пе? Қыс мезгілінде су құйына беру қалай болмақ? Қайрат (Қызылорда қаласы).

Уағалейкумуссалам! Ұйқыдан тұрған кісі «мәни»[1] көрген болса, бұл жағдайда ғұсыл құйыну керектігі жайында талас жоқ. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у): «Кім де кім оянғаннан кейін, бойынан дымқылдық байқаса, тіпті, түс көргені есінде қалмаса да, ол кісіге ғұсыл құйыну керек.  Ал түс көріп, алайда, дымқылдық байқалмаса, онда ғұсыл құйынудың қажеті жоқ»[2], – деген.

Ал, «мәзи (смегма)» көрсе Ханафи ғұламасы Имам Әбу Юсуф: «Ұйқыдан оянып, киімінде мәни  көрген кісіге ғұсыл құйыну керек екені даусыз. Алайда, мәзи үшін керек емес», - дейді.[3]
Осы тұжырымға сүйенетін болсақ,  сіз байқап жүрген сүйықтық «мәни» болмаса, ғұсыл құйынудың қажеті жоқ.

[1] Қосымша мағлұмат үшін мына сілтемеге кіріңіз: http://muslim.kz/kk/question/205-gusyl-quiynyp-bolgannan-keiin-suiyqtyq-bolinse-qaita-gusyldanu-k.html
[2] Әбу Дауад – 236.
[3] Ихтияр – 1/60.; Бадаиғ – 1/278 бет.
Абдусамат Қасым
date20.09.2013readCount11085categoryҒұсыл-дәретprintБасып шығару