Құрбандыққа атаған малым жоғалды, не істеймін?
Ассалаумағалейкум!!! Қозы кезінде құрбан шалуға арнап қойған тоқты жоғалып кеткен жағдайда, басқа тоқтыны құрбан шалуға бола ма? Және қандай жағдайда? Көрсетер көмектеріңіз үшін алғысым шексіз. Жасқанат Несіпқали. 

Уағалейкумуссалам! Жасқанат, арнайы құрбан үшін атаған малы өліп қалса немесе жоғалып кетсе, мал иесінің жағдайына қараймыз: мал иесінің жағдайы төмен болса, әлгінің орнына басқасын шалуына міндетті емес. Ал, бақуатты болса орнына басқа мал шалуы шарт.[1]

[1] Әл-Кәсәни, Бәдә’иғ: «Китабут Тадхия» - 6/289-290 бет. 
Абдусамат Қасым
date13.09.2013readCount3802categoryҚұрбанprintБасып шығару