Құрбанымды өзге біреуге шалдыртуға бола ма?
Қайырлы күн!
Құрбан Айт мерекесі жақындап қалды. Құрбандықты дұрыс шалу жөнінде бірер сұрақтарым бар еді. Сол себепті сізге сауал жолдап отырмын.
Негізгі сұрағым: егер мен малды өз ақшама сатып алсам, ол малды менің атымнан туыстарымның бірі бауыздай алады ма? Ондай жағдайда ол менің шалған құрбандығым болып саналады ма?
Құрметпен, Жасұлан

Уағалейкумуссалам, Жасұлан! Құрбандық шалу уәжіп болған кісі басқа бір адамды тікелей, болмаса телефон немесе хат жолдау арқылы өзінің орнына өкіл ретінде құрбан шалуы үшін тағайындай алады[1].  Сондықтан туыстарыңыздың  біріне айтып, құрбан малын бауыздата аласыз. Және ол құрбандықты сіз шалған болып есептелесіз. Пайғамбарымыздың да қасапшыларға құрбан шалдырғандығы хадистерде айтылған[2].

[1] М.Исаұлы, Қ.Жолдыбайұлы, Ислам ғылымхалы, 475 бет. Алматы-2010 ж.
[2] Сахих Бухари, Китабуль хаж, №1629-хадис.
Абдусамат Қасым
date12.09.2013readCount5108categoryҚұрбанprintБасып шығару