Әйелім Рамазан айында ораза тұтпақ. Алайда емізулі баласы бар. Оның ораза тұтқаны дұрыс па?

Баласын емізетін әйел адамның ораза ұстауына шариғатымызда рұқсат. Оның баласын емізуі оразасын бұзбайды. Дегенмен баласына не өзіне зиян тию ықтималы болса ораза тұтпаса да болады. Кейін қазасын өтейді. Қазасын өтерде: «Алла разылығы үшін уақытында тұта алмаған мүбарак Рамазан айының қаза болған оразасын өтеуге ниет еттім» деп ниет етеді.

date19.07.2012readCount5506categoryОразаprintБасып шығару