Торғайдың қағы түскен сумен дәрет алынады ма?
Ассаламу алайкум! Дәрет алатын суға өрмекші, құрт, құмырсқа немесе торғайдың қиы түсіп кетсе, ол су дәретке жарамды ма? Осман.

Уағалейкумуссалам! Осман, таза суға өрмекші, құрт-құмырсқа сынды қаны жоқ жәндіктер түсіп кетсе ол су таза күйінде қала береді. Онымен дәрет алуға болады. Бұған дәлел келтірер болсақ, сахаба Сәлмәнның айтуы бойынша Пайғамбарымыз (с.а.у) оған: «Ей Сәлмән! Тағам мен суға бойында қаны жоқ жәндік түсіп өліп қалған болса, тағамды жеу, суды ішіп, одан дәрет алу – рұқсат»[1], - деді.

Торғайдың қағы (қиы) түскен сумен де дәрет алуға болады[2].

[1] Даруқутни сүнәні – 1/49 бет, №84-хадис.
[2] Хидая, Тахарат – 1/45-50 бет.
Абдусамат Қасым
date20.07.2013readCount5630categoryҒұсыл-дәретprintБасып шығару