Клизма жасау оразаны бұза ма?

Клизма – тік ішекке яки тоқ ішекке су немесе сұйық дәрілерді артқы қуыс арқылы жіберу. Асқазан аш ішек арқылы тоқ ішекпен байланысқан.

Артқы қуыс арқылы жіберілетін дәрі оразаны бұзбайды дейтін ғалымдар да бар.[1] Бірақ, Ханафи және басқа үш мәзхабтың да ғалымдары артқы қуыс арқылы жіберілген дәрі оразаны бұзады деп есептеген. Мұндай жолмен оразасы бұзылған адам сол күннің ғана қазасын өтейді. Бұған кәффәрат қазасы керек емес[2]. Сондықтан да, клизма жасатқан адам оразасының қазасын өтеуі керек.

[1] http://fatwa.islamweb.net/fatwa
[2] Хидая, Китабус саум – 1/317 бет.
Абдусамат Қасым
date27.06.2013readCount5513categoryОразаprintБасып шығару