old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Ер кісілердің сәжде жасау үлгісі төмендегідей:
1. Сәждеде білектер жерге жатпайды. Бұған мына хадис дәлел бола алады:
عن البراء قال: قال رسول الله (صلى الله عليه و سلم): "إذا سجدت فضع كفيك وارفع مرفقيك". رواه مسلم
Сахих Муслимде риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз: «Егер сәжде жасайтын болсаң, алақаныңды жерге қойып, шынтағыңды көтер»[1], – деген.
2. Сәждеде шынтақты қабырғасына тигізбей, ашық ұстайды. Ал егер жамағатпен оқыған кезде қасындағы адамға кедергісін тигізетін болса, онда шынтақтарын ашпайды.
كان رسول الله صلى الله عليه وسلم إذا سَجَدَ يجنح في سجوده حتى يرى وضح إبطيه". رواه مسلم"
Сахих Муслимде риуаят етілген хадисте Абдулла ибн Мәлик былай дейді: «Пайғамбарымыз (с.а.у) сәждеге барғанда қолтығынын ағы көрінетіндей екі білегін екі жанынан ашып ұстайтын».[2]
3. Сәждеде қарны мен санының арасы ашық болады.[3]
عن ميمونة قالت: "كان النبيّ(صلى الله عليه و سلم) إذا سجد، لو شاءت بَهمَة أن تمرّ بين يديه لمرّت". رواه مسلم
Мәймунаның риуаяты бойынша: «Пайғамбарымыз сәждеде (саны мен қарнының) арасы қозы өтіп кететіндей ашық болатын»[4].
4. Сәждеге барған кісі екі қол арасына маңдаймен қоса мұрынды да жерге тигізеді. Қол құлақ тұсында болады.[5]
5. Сәждеде екі аяғын жерден ажыратпай, аяғының бақайларын құбылаға қаратып, жерге тигізіп тұрады[6].
Сахих Бухариде риуаят етілген хадисте, сахаба Әбу Сағиди Пайғамбарымыздың (с.а.у) сәжде жасауын сипаттай келе былай дейді:
عن أبي حميد عن النبي (صلى الله عليه و سلم):... فإذا سجد وضع يديه غير مفترش و لا قابضهما، واستقبل بأطراف رجليه القبلة
«...Ол сәждеде жерге қолын қойғанда білегін жерге жатқызбайтын және қабырғасына жабыстырмайтын. Ал (сәждеде) аяғын тік ұстап, бақайларын (тік ұстап) құбылаға қарататын...».[7]