old.muslim.kz Сәжде жасағанда мұрын да жерге тиюі керек пе? - Muslim.kz
Сәжде жасағанда мұрын да жерге тиюі керек пе?

Сәждеге барған кісі екі қол арасына маңдаймен қоса мұрынды да жерге тигізеді.  Қол құлақ тұсында болады[1]. Бұған мына хадистер дәлел бола алады:


عن أبي إسحاق قال: "قلت للبراء بن عازب: أين كان النبي (صلى الله عليه و سلم) يضع وجهه إذا سجد؟ فقال: بين كفيه". رواه الترمذي: حسن صحيح غريب.

عن أبي حميد الساعدي: "أنّ النبي (صلى الله عليه و سلم) كان إذا سجد أمكن أنفه و جَبهَتَه من الارض...".  رواه الترمذي: حسن صحيح

Әбу Исхақ была дейді: «Сахаба Барра бин Азибтен «Пайғамбарымыз (с.а.у) сәждеде жүзін қай жерге қоятын еді» деп сұрағанымда, Ол (р.а.): «Екі қолының арасына», – деп жауап берді[2].

 Тағы бір хадисте Әбу Хумайдис Сағиди былай дейді: «Пайғамбарымыз сәжде жасағанда жерге мұрны мен маңдайын тигізетін...»[3] (Сахих)
 
[1] Ихтияр, -1/177 бет.
[2] Тирмизи – 271 хадис.Сахих, ғариб, хасан.
[3] Тирмизи – 270 хадис. Сахих; Әбу Дауд,Салат , 894 хадис.
Абдусамат Қасым
date25.06.2013readCount7059categoryФиқһprintБасып шығару