Ораза кезінде система салдыруға бола ма?
Ассалаумағалейкум!
Ораза ұстап жүріп система алуға не ине салғызуға бола ма? Дана.

Уағалейкумуссалам!

Дана, кей жағдайларда табиғи жолдармен қоректене алмайтын кісілерге денені азықтандыру үшін инъекция (денеге дәрі жіберу) жасалып жатады. Сондықтан да, қазіргі таңдағы ғалымдарымыз мұндай ине салу немесе система алу оразаны бұзады дейді. Ал, одан өзгелері азық болмағандықтан әрі табиғи жолдармен асқазанға түспегендіктен оразаны бұзбайды деп отыр[1]. Ендеше, ем үшін салғызатын ине салу мен система алу оразаңызды бұзбайды. Алайда, оразадан әлсіреген денеге қуат беретін дәрі егуге аузы берік кісіге рұқсат жоқ. Ондай дәріні тек ауыз ашқаннан кейін ғана егуге болады.

[1] Мәжмәғуль Фиқһиль Исләми әд-Дуәли, 1997ж, 28 тамыз – 03 шілде аралығында берілген 91-96 қаулысы.; Din Isleri Yuksek Kurulu, Oruc. 42-s. Ankara. 2010 sene.
Абдусамат Қасым
date21.06.2013readCount9784categoryОразаprintБасып шығару