Иттің сілекейі дәретті бұза ма?
Әссаляму алейкум уа рахматуллахи уа баракатуһ! Киімді ит иіскеп кетсе, дәрет бұзыла ма? Ол киімді ауыстырған соң, қайта дәрет алу керек пе?? Джазакаллаху хайран. Айша.  

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллахи уә бәракәтүһу! Айша, иттің иіскеуі немесе жағылған сілекейі дәретті бұзбайды. Киімге жағылған иттің сілекейі алақан аясындай көлемде болса, онда ол жерді тазалап, жуып немесе киіміңізді ауыстырып намаз оқи беруіңізге болады. Бұл жағдайда дәрет жаңартудың қажеті жоқ.  Ал, иттің сілекейі киіміңізде алақан аясынан аз болса, ол киіммен намаз оқи беруге де болады. Дегенмен, ауыстырып не жуып жібергеніңіз абзал. 

Абдусамат Қасым
date19.06.2013readCount10023categoryҒұсыл-дәретprintБасып шығару