old.muslim.kz «Тәшәһһуд» дұғасын оқудың дәлелі бар ма? - Muslim.kz
«Тәшәһһуд» дұғасын оқудың дәлелі бар ма?

Намазда әуелгі отырыс пен соңғы отырыста «тәшәһһуд» дұғасын оқу – уәжіп[1]. Бұған төмендегі хадис дәлел бола алады.

 

عن عبد الله بن مسعود، قال: كنا مع رسول الله (صلى الله عليه و سلم) لا نعلم شيئا، فقال لنا رسول الله: "قولوا في كل جلسة: التحيات لله، و الصلوات و الطيبات، السلام عليك أيها النبيّ و رحمة الله و بركاته، السلام علينا و على عباد الله الصالحين، أشهد أن لا إله إلا الله، و أن محمدا عبده و رسوله". رواه النسائي

Сахаба Абдулла ибн Аббас былай дейді: «Біз Алланың Елшісімен бірге едік. Ештеңе білмейтін бізге Пайғамбарымыз: «(Намаздағы) әр отырыста мына (дұғаны) айтыңдар деді: «Әт-тахияту лиллаһи уас-салауаату уат-таййбәәт, әс-сәләәму алейка әйюһан-нәбию уә раһматуллаһи уә бәрәкәтуһ, әс-сәләму аләйна уә алә ибәдилләһис саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә иллАллаһ уә әннә Мухаммәдән абдуһу уә расуулуһ»[2]. 

[1] Бахрур Раиқ – 1/524 бет.
[2] Нәсәи, әс сүнәнуль кубра, әт-тәшәһһудуль әууәл – 216 баб/756 хадис. Сахих.
Абдусамат Қасым
date10.06.2013readCount8901categoryФиқһprintБасып шығару