old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Әжетханада сөйлеу – мәкрүһ. Яғни, Аллаға ұнамайтын әрекет[1]. Бұл жайында Ибн Мәжәнің сүнәнында[2] риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у): «Түзге шыққан екі адам бір бірінің әуретіне қарамасын, сөйлеспесін. Ақиқатында, Алла Тағаланың мұндайға ашуы келеді»[3], – дей отырып, әжетханада сөйлесудің дұрыс емес екенін білдіреді. Сондай-ақ, Сахих Муслимдегі риуаят бойынша, Алланың Елшісі әжетханада болған кезде, Оған сәлем бергендердің сәлемін алмайтын болған[4]. Бұдан келіп шығатыны, сәлем алу уәжіп бола тұра әжетін өтеп жатқанда сәлем алмауы, ол жерде сөйлеудің қаншалықты дұрыс емес екенін көрсетсе керек.