old.muslim.kz Неге азан айтқанда құлақты сұқ саусақпен бітеп тұрады? - Muslim.kz
Неге азан айтқанда құлақты сұқ саусақпен бітеп тұрады?

Азаншының азан шақырғанда құлағын саусағымен бітеуі негізінен дауыстың қаттырақ әрі зор шығуы мақсатында жасалады[1]. Ал жалпы құлақты саусақпен бітеп азан айтуымыз – хадиске амал еткендігіміз болып саналады. Бұған төмендегі хадис дәлел:

 

عن عون بن أبي جحيفة عن أبيه قال: "أتيت رسول الله (صلى الله عليه و سلم) بالأبطح و هو في قبة حمراء فخرج بلال فأذن فاستدار في اذانه و جعل إصبعيه في أذنيه". رواه ابن ماجة 

Ибн Мәжәның «сүнәнындағы» хадис бойынша сахаба Әбу Жухайфа (р.а.) былай дейді: «Мен Пайғамбарымызға (с.а.у) келгенімде ол Әбтах[2] деген жерде, теріден тігілген қызыл шатырда еді. Біләл шығып азан айтты. Азан айтып жатып (жұрттар есту үшін) бұрылды. Сол кезде қолының саусағын құлағына тығып алған еді»[3].

[1] Ихтияр – 1/143 бет.
[2] Мекке сыртындағы бір жер.
[3] Ибн Мәжә – 329 бет/711-хадис. Сахих.
Абдусамат Қасым
date29.05.2013readCount15569categoryФиқһprintБасып шығару