old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Ифтитах тәкбірін айтарда ер кісілерге екі қолын құлақтың деңгейіне дейін, яғни бас бармақтарын құлағының жұмсақ сырғалығына келетіндей мөлшерде көтеру – сүннет[1]. Мұны орындаудың ең дұрыс жолы – бармақты құлақ сырғалығына тигізу[2].
Абдужаббар бин Уәил (р.а) әкесінің мына сөзін риуаят етеді: «Алла Елшісі (ифтитах) тәкбірін тартқан кезде екі қолын иық тұсына көтеретін. Сонда бас бармағы құлақ сырғалығының тұсына келетінін көретінмін», –дейді[3]. Бұл хадисті Нәсәи өзінің «әс-Сүнәнуль кубра» атты еңбегінде «сахих», яғни «дұрыс» деп бағалаған.