Ғұсыл құйынып болғаннан кейін сұйықтық бөлінсе, қайта ғұсылдану керек пе?
Ассаламуғалейкум! Кейде ғұсыл құйыну парыз болған жағдайларда шомылып болғаннан кейін де сұйықтық бөлінеді. Сондай жағдайда қайта ғұсылдану керек пе? Сәкен.

Уағалейкумуссалам! Сәкен, Әбу Юсуфтың (р.а.) пікірі бойынша, «ғұсыл құйыну үшін мәни шаһуатпен бөлінуі керек. Ал шаһуат тоқтағаннан кейін бөлінген мәни үшін ғұсыл керек емес». Демек, ғұсыл құйынып болғаннан кейін, бөлінген қалған-құтқан мәни үшін қайта ғұсыл құйынудың қажеті жоқ. Осы қағидаларға сүйенсек, бұл жағдайда тек дәрет алсаңыз жеткілікті. Бұл дініміздің жеңілдігі мен кеңшілігін көрсетеді.

Десек те, егер мүмкіншілік мол болса, қайта ғұсылданғаныңыз абзал. Өйткені, Ұлық Имам Әбу Ханифа мен Имам Мұхаммад бойынша бұл жағдайға тап болған кісі қайта ғұсыл алады[1].

[1] Әл-Кәсәни, Бадаиғ – 1/277 бет. 
Абдусамат Қасым
date20.05.2013readCount11920categoryҒұсыл-дәретprintБасып шығару