Протез тісі бар кісі мисуак қолданса, сауап бола ма?
Сәлеметсіздер ме? Менің Пайғамбар жасынан асқан атам бар. Құдайға шүкір, намазхан. Сол атам дәретте тісті мисуакпен жуу сауап болады дегенді оқыпты. Бірақ, өзінің тісінен бір де бір тіс қалмаған. Оның орнына протез киеді. Сұрайын дегеніміз, сол протез тісін мисуакпен жуса, сауап бола ма? Бәлхия.

Ассалаумағалейкум, Бәлхия! Мисуак қолданудың сауабымен қатар адамның денсаулығына тигізер пайдасы да орасан[1]. Ал оны қолданатын адамның тістері сау әрі табиғи болсын деген қағида жоқ. Протез тісі бар кісілер де мисуакты қолданғандары үшін сауапқа кеңеліп, денсаулыққа тигізер пайдасынан мақұрым қалмайды. Себебі, атаңыз Пайғамбарымыздың  сүннетін жасап отыр. Ендеше, атаңызға айтарымыз, егер «мисуакты» протез тіске қолдану ыңғайсыз болмаса, сауапты амалдан өзін тыймай, керісінше әр дәрет сайын қолданғаны абзал.

Абдусамат Қасым
date17.05.2013readCount4701categoryҒұсыл-дәретprintБасып шығару