old.muslim.kz Рукуғ қалай жасалады? - Muslim.kz
Рукуғ қалай жасалады?

Рукуғқа барған ер кісі саусақтарының арасын ашып, екі қолын тізесіне қойып, арқасын тік ұстайды. Басын салбыратпай не тым көтермей арқаның деңгейінде  ұстауы тиіс[1]. 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Әнәсқа: «Рукуғқа барған кезде екі тізеңе қолынды қой да, бармақтарыңды аш»[2] – деген.

Ибн Аббас (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.а.у.) рукуғқа барғанда (арқасын түзу ұстағаны соншалықты) егер бір кесе су қояр болса (төгілмей) тік тұрар еді»[3], – деді.

Айша анамыз: «...Пайғамбарымыз (с.а.у) рукуғқа барғанда басын тым салбыратпайтын да, көтермейтін де, екеуінің арасында ұстайтын...»[4], деген.  

[1] Маусули, Ихтияр – 1/173 бет.
[2] Табарани, Әусат, 5988
[3] Табарани, әл-Кәбир, 12755 хадис
[4] Муслим, 498 хадис шархы.
Абдусамат Қасым
date03.04.2013readCount9193categoryФиқһprintБасып шығару