Айнаға қарап намаз оқуға бола ма?
Үйде намаз оқитын жерімде, қарсы алдымда айна тұрады. Былайша айтқанда, намазымды айнаға қарсы тұрып оқып жүрмін. Бұл дұрыс па? 

Уағалейкумуссалам! Намаз оқып тұрған адамның көңілін аударатын, ойын бөлетін нәрселер – мәкрүһ болып саналады[1]. Айнадағы бейнеңіз де намазда тұрғанда ойыңызды бөліп, көңіліңізді аударатындықтан, оған қарап намаз оқыған да мәкрүһ болып табылады. Бірақ одан намазыңыз бұзылмайды.

Пайғамбарымыз (с.а.у) да намаз оқып тұрғанда киіміндегі өрнектерге көзі түсіп, намаздан кейін: «Мына киім жаңа ғана намазымда көңілімді бұзды. Оны Әбу Жәһмге апарып, одан бір түсті киім алып келіңдерші»[2],  – деген екен.

[1] Туһмәз, әл Фиқһуль Ханафи – 1/233 бет.
[2] Бухари, Китабус Сала – 366 хадис.
Абдусамат Қасым
date15.03.2013readCount7766categoryНамазprintБасып шығару