Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Уағалейкумуссалам! Ханафи мәзһабы бойынша, ер кісілер сәжде отырыстары мен әттәхият (тәшәһһуд) отырыстарында сол аяғын жамбасының астына басып, оң аяғын тік ұстап, бақайларын құбылаға қарату керек. Бұл – сүннет[1]. Яғни, Пайғамбарымыздың намаздағы әттәхият отырысына сай. Бұл жайында сахаба Уә`иль бин Хужр былай дейді:
«Мен Медине қаласына келгенімде өз-өзіме «ардақты Пайғамбарымыздың намазын оқуын көруім керек» дедім. (Барып қарағанымда) Ол (с.а.у.) тәшәһһудте сол аяғын жерге жатқызып, оң аяғын (бақайларын құбылаға қаратып) тік ұстады[2]».