Сүрелерді кириллицамен жаттаса бола ма?
Құдайға шүкір, намазға келіп жатқан бауырларымыз көп. Намаз оқығанда Құран сүрелерін ережеге сай дұрыстап оқу міндет екенін білеміз. Дегенмен, біз араб емес екеніміз белгілі. Бүгінде намаз оқып жүрген қазақтардың барлығы дерлік арабша білмейді, сондықтан намазда оқылатын сүрелерді кириллица әріптерімен жаттап алғандар. Бұған шариғатта рұқсат бар ма әлде намаз оқитын адам міндетті түрде тәжуидті үйренуі керек пе? 

Намазда сүрелерді арап әріптерімен жаттап, тәжуидіне сәйкестіріп оқу керек екендігі даусыз. Ал оған мүмкіндігі жоқ адамдар кириллица әріптерімен оқуына рұқсат беріледі. Олардың жағдайы, намазды ишарамен оқитыңдардың жағдайы іспетті: үйренуге күші жетпесе, күші жеткенімен оқиды[1]. Тек  аяттағы әріптерді ауыстырып немесе кем етіп жаттамауына көңіл бөлу қажет.

[1] Бурхануддин әл Бухари, Мухит – 1/307 бет.
Абдусамат Қасым
date01.03.2013readCount8489categoryНамазprintБасып шығару