old.muslim.kz Әйелге жұма намазы парыз емес екеніне дәлел бар ма? - Muslim.kz
Әйелге жұма намазы парыз емес екеніне дәлел бар ма?

Ғалымдарымыздың бәрі бір ауыздан: «Шариғатта әйел баласына жұмаға бару міндет емес» деген[1]. Олардың сүйенген дәлелі  Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мына хадисі:


الجمعة حق واجب على كل مسلم الا اربعة: عبد مملوك، او امراة، او صبي، او مريض" رواه ابو داود"


«Жұма намазы құл, әйел, жас бала және науқастан басқа мұсылмандарға парыз»[2]

[1] Ибн Құдама, әл Муғни – 2/151 бет.; Ихтияр – 1/273 бет.
[2] Әбу Дауд
Абдусамат Қасым
date22.02.2013readCount11069categoryФиқһprintБасып шығару