Сүннет намаздарында қирағат етпесе де бола ма?

Ханафи мәзһабы бойынша, сүннеттің әрбір рәкәғатында ең кемі үш аят көлемінде құран  қирағат ету – парыз. Бұған дәлел Сахаба Әбу Айюб Ансари Алланың Елшісінен: «Бесін намазының алдыңғы төрт бас сүннетінде құран оқу керек пе?, – деп сұрағанда, Ол (с.а.у): «Иә!» , – деді[1].  
Ал, арнайы фатиха мен зәм сүресін қосу уәжіп[2]. Сондықтан, сүннет намаздарында фатиха сүресін немесе зәм сүресін ұмытып кетсе сәһу сәждесін орындау қажет.

[1] Әл Кәсәни – 2/267 бет.
[2] У.Зухайли, әл Маусуға – 1/673 бет.; H.Donduren, Islam ilmihali – 315 бет, Стамбул.
Абдусамат Қасым
date20.02.2013readCount5020categoryНамазprintБасып шығару