Жолаушы адам сүннет намаздарын да қысқартып оқи ма?
Жолаушы адам парыз намазымен қатар сүннет намаздарын да оқи ма? Оқыса қысқарта ма әлде толықтай оқиды ма? Марат

Марат мырза, сүннет намаздары парыз намазының кем-кетігін толықтырушы рөлін атқаратындықтан, жолаушылық кезінде де сүннетті мүмкіндік болса, оқығаны жақсы, оқымаса күнә емес.  Сүннет намаздарын оқыған жағдайда қысқартпай толығымен оқиды[1].

 [1] а) Дамад Ефенди, Мужмағуль анхур -  1/239 бет.
       ә) Әл Касани, Бадаиғ – 1/466 бет.
Абдусамат Қасым
date19.02.2013readCount6154categoryНамазprintБасып шығару