Сүннет намазын саптан шықпай оқу керек пе?
Мешітте имаммен намаз оқығанда, парыз намазынан кейін жамағаттың көбі бұрыш-бұрышқа кетіп, саптан тарасып намаздарын оқып жатады. Осы шариғатта дұрыс па? Ақылбек.

Ақылбек, парыздан кейін жамағат сүннеттерін тұрған жерлерінде де оқи берсе болады. Алайда, саптан сытылып шығып, мешіттң басқа жеріне барып оқу – мустахаб, яғни ұнамды амал[1]. Бұл жайында сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.): «(Сүннет) намазын оқыған адам, алға шығуға немесе артқа шегінуге қинала ма не?[2]», – дейді.

[1] Әл Кәсәни, Бадаиғ – 1/267 бет.
[2] Ибн Мәжә:Бабус Салаһ – 1/458 бет.
Абдусамат Қасым
date18.02.2013readCount4472categoryНамазprintБасып шығару