Жолаушы имам болса сәлем бергенде ұюшы не оқу керек?
Ассалаумағалейкум! Жолаушы имам болса, төрт рәкәт намазын екіге қысқартып, сәлем бергеннен кейін, имамға ұйып тұрған жергілікті халық намазын қалай жалғаcтырады?

Уағалейкумуссалам! Егер имамдыққа жолаушы үкіміндегі кісі шығатын болса, төрт рәкәғат намаздың екінші рәкәғатынан кейін имам сәлем бергенде, ұюшы жамағат сәлем берместен тұрып, қалған екі рәкәғатында Құран сүрелерін қырағат етпей намазын тәмамдайды[1].

[1] а) Айни: әл Биная шархуль Хидая – 3/27 бет. Бейрут – Ливан.
      ә) Бурһануддин әл Бухари: әль Мухит – 2/40 бет.
      б) Проф.Доктор Х.Дөндірен: Ғылымхал – 469 бет. Стамбул.
Абдусамат Қасым
date16.02.2013readCount3962categoryНамазprintБасып шығару