old.muslim.kz Жолда намазды қысқартып оқу керек дегеннің дәлелі бар ма? - Muslim.kz
Жолда намазды қысқартып оқу керек дегеннің дәлелі бар ма?

Ханафи мәзһабы бойынша, «жолаушының төрт бас намазын екі басқа қысқартып оқуы – уәжіп[1]». Бұған дәлел төмендегі хадис:

 

روى ابن عباس عن النبي– صلى الله عليه و سلم –انه قال "ان الله فرض عليكم الصلاة على لسان نبيكم في الحضر اربعا و في السفر ركعتين" رواه المسلم 

Сахаба Абдулла бин Аббастың (р.а.) риуаят етуі бойынша, сүйікті Пайғамбарымыз «с.а.у.) былай деген:
«Алла Пайғамбарларыңның аузымен намазды парыз қылып, «жай кездеріңде төрт рәкәғат, жолаушы кездеріңде екі рәкәғат» етіп оқуды бұйырды»[2].

[1] Туһмаз, әл фиқһуль ханафи – 1/313 бет.
[2] Муслим – 6/687.
Абдусамат Қасым
date13.02.2013readCount8818categoryФиқһprintБасып шығару