Комада жатқан адамның намазы не болмақ?
Жақын туысым апатқа ұшырап, бірнеше күн бойы ес-түссіз комада жатты. Өзі намаз оқитын жігіт еді. Сұрайын дегенім, сол ес-түссіз жатқан күндеріндегі намаздарын қайтеді? Түгелдей қазасын өтеуі керек пе?

Ханафи ғалымдары: «Кімде кім бес уақыт намазға дейін ес түссіз жатса немесе жынданса, сауыққаннан кейін оқылмаған сол қаза намаздарының қазасын өтеуі тиіс. Ал, егер осы халде алты не одан да көп намаздарын қаза етсе, айыққаннан кейін қазасын өтемесе де болады[1]», – деген. Сондықтан да, егер туысыңыздың қаза намаздары бесеуден асып кетсе, онда қазаларын оқымаса да болады.

[1] а)Имам Маусули: Ихтияр – 1/261 бет.  Дамаск
     б) Абдульғани әль Ғаними: Лүбәб – 1/101 бет. Бейрут-Ливан.
Абдусамат Қасым
date11.02.2013readCount5950categoryНамазprintБасып шығару