Құтпа оқылып жатқанда не істеуге болады?
Жұма намазында құтпа оқылып жатқанда кейбір бауырлардың амандасып, шүйіркілесіп жатқанын көреміз. Әлдебіреулер құпта бастала салысымен намаз оқи бастайды. Осы мәселе қалай қарастырылған, үкімі қалай? Бауыржан.

Бауыржан мырза, жұма құтпасы оқылып жатқанда, жамағаттың әңгіме-дүкен құруы, салем алысуы, жан-жағына алақтап отыруы, намаз оқуы, тәспі тартуы, Құран оқуы сияқты әрекеттердің барлығы – мәкрүһ[1]. Тіпті сөйлесіп отырғандарға қарап, «тыныш отырыңдар» деу де мәкрүһ амалға кіреді. Бұл жайында ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Жұма күні имам құтпа оқып тұрғанда сөйлеп отырған адамға «тыныш» деген адамның өзі артық сөйлеген болады. Ал көп сөздінің намазы жоққа есеп[2]», – деген.

Ендеше кімде-кім төрт рәкәғат сүннетін жұма құтпасынан бұрын бастап қойса, құтпа оқыла бастағанда намазын толықтай тез-тез оқып, дереу аяқтауы керек. Ал құтпа басталып қойған болса, жұма намазының алғашқы сүннетін кейінге қалдырып, соңынан өтейді[3].

 [1] Әл Кәсәни, Бада-иғ: 2/200 бет.
 [2] Муслим: Жума – 2/583.; Малик: Жума – 1/103
 [3] Проф.Доктор Х.Дөндірен: Ислам ғылымхалы – 401 бет. Стамбул.
Абдусамат Қасым
date07.02.2013readCount6115categoryНамазprintБасып шығару