old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Уағалейкум ассалам! Жаназы намазы тәкбірінің саны жайында Пайғамбарымыздан (с.а.у.) әр түрлі хадис риуаят етілген. Ардақты Пайғамбарымыздың бесеу, жетеу, тіпті, кейде тоғыз рет тәкбір айтқандығы риуаят етіледі. Бірақ Ол (с.а.у.) соңғы оқыған жаназа намазында төрт рет тәкбір айтқан. Міне осы соңғысын негізге ала отырып Хз.Омар жаназа намазын төрт тәкбір деп бекітті. Сахабалар да мұны бір ауыздан мақұлдады. Сол себепті Ханафи ғалымдары «жаназа намазында төрт рет тәкбір айту ижмамен[1] нақтыланған» дейді.
Ал имам бес рет тәкбір айтып қойған болса, бұл жаназа намазын бұзбайды. Тек имамның тарапынан кеткен қателік деп қабыл етіледі. Ал имамның артындағы жамағат бесінші тәкбірді орындамай, сәлем беруін күтіп тұрады[2]. Бұл үшін қайтадан жаназа намазын оқудың қажеті жоқ.