Намаздарын үйде оқыған адамға «азан» айтып, «қамат» түсіру қажет пе?
Мен көбіне намаздарымды үйде оқимын. Алайда, барлық намаздарымда азан айта бермеймін. Себебі, кейде дауыс көтеріп азан айтуым біреулер үшін ерсі көрініп жатады. Сол үшін әр намазға азан айту керек пе?

Бес уақыт намаз бен жұма намазына және қаза намаздарына  азан айтып, қамат түсіру  – ер кісілер үшін сүннет[1]. Ал әйелдерге – мәкрүһ[2]. Яғни, әйел адам намаздарын азан мен қамат түсірмей-ақ оқығаны дұрыс.

Намаздарын үйде оқыған ер адам азан айтып, қамат түсірмесе де болады. Өйткені, сахаба Ибн Мәсғуд (р.а.): «Қалада түсіріліген қамат жеткілікті», – деп  үйінде жолдастарымен бірге намазды азансыз және қаматсыз оқығандығы риуаят етіледі[3]. Алайда, азан айтып, қамат түсіру сауапты іс екенін естен шығармағаныңыз жөн[4].

[1] Әбу Дауд, Салат, 11 , Хадис нөмері – 435,443.;
[2] Байхақи риуаят еткен хадис.
[3] Абдур Раззақ – 1971.
[4] А)Имам Маусули (р.а.), Ихтияр: 1-том, 140 бет. Дамаск
     Ә)Абдуль Хамид Тохмаз, әл фиқһуль ханафи фи саубиһиль жәдид: 1-том, 190 бет.
     Б) H.Donduren, Islam ilmihali: 271 бет Стамбул.
Абдусамат Қасым
date02.02.2013readCount13148categoryНамазprintБасып шығару