Намаз оқып тұрғанда қасыну, намазды бұза ма?
Әссәләмуғалейкум! Жамағатпен намаз оқығанда кейбір бауырларымыз дамылсыз үсті-басын қасынып тұрады. Олардың қасынғанына көңілімді аудармауға қанша тырыссам да, бәрібір көңілім бөлініп тұрады. Қасынған адамның намазы бұзыла ма?

Уағалейкум әссәләм! Намазда көп қимыл жасаған адамның намазы бұзылады. Сондықтан да, адам әрбір рәкағатта екіден көп қимыл жасамауы керек. Егер намаз оқып тұрған адам бір рәкәғатта қатарынан үш рет қасынса, онда оның бұл әрекеті «көп қимыл» жасаған болып есептеліп, намазы бұзылады. Ал қышыған жерінен қолын алмай, тек саусақпен ғана бірнеше рет қасыса, ол бір рет қимылдаған болып есептеледі[1].

[1] М.Исаұлы, Қ.Жолдыбайұлы: Ислам ғылымхалы 178 бет. Алматы.
Абдусамат Қасым
date31.01.2013readCount5854categoryНамазprintБасып шығару