Етеккірі келген әйел Қадір түні не істейді?
Сәлеметсіздер ме? Қадір түні әйелдердін хайыз уакытына түсіп калса, сүрелерді оқуға бола ма жане дұғалардың барлығын айтуға бола ма?

 

Сәлеметпіз. Етеккір байқаған әйелге әдетте рұқсат етілмейтін нәрселер Қадір түнінде де дәл сол қалпында рұқсатсыз қала бермек. Етеккірі байқалған әйел Құран оқымайды. Себебі ғалымдардың басым көпшілігі, атап айтсақ Ханафи, Ханбали, Шафиғи мәзһабтарының ғалымдары, сонымен қатар көптеген сахабалар мен табиғиндер (р.а) етеккірі байқалған адамның Құран оқуын күнә деп тапқан. Алайда, Құранның дұға мағынасындағы аяттарды дұға ретінде оқуға болады. Мысалға: «Роббәна атина фид-дунья хасанаһ, уа фил-ахироти хасанаһ, уа қина ъазабан-нар» деген сынды.

Ал, дұғаларға келсек, дұға жасауға еш тыйым салынбаған. Дұға ретінде кешірім сұрап, Алланы ұлықтап, тасбих жасап, өзіңіз бен өзгелерге игілік сұрап және басқа да зікірлер жасасаңыз болады.

Алла Қадір түнін берекелі етсін.

Айбек Әбдіқадыр
Muslim.kz сайтының діни сарапшысы

date11.06.2018readCount1099categoryОразаprintБасып шығару