Жаңалықтар
Кеше «Ливерпуль» мен «Брайтон» футбол командалары арасында өткен Ағылшын премьер лигасында (АПЛ) мысырлық мұсылман ойыншы Мұхаммед Салах Брайтон қақпасына алғашқы голды салып, тобын жеңіске бастады. Осылайша, ол қоржынындағы гол санын 32-ге жеткізіп отыр.
Ағылшын премьер лигасының қорытындысы бойынша 2017-2018 жыл маусымында ең көп гол салған Мұхаммед Салах «алтын бутсы» жүлдесімен марапатталды.
Сонымен қатар, Мұхаммед Салах АПЛ-де осы күнге дейін Роналдо мен Суареске тиесілі болып...
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Яхия қажы Исмайылов Астанадағы «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.
Ол осыған дейін Елордадағы Кунта қажы атындағы мешіттің бас имамы қызметін атқарды.
Өмірбаяны:
Исмайылов Яхия Абдоллаұлы 1962 жылы туған.
Өзбекстанның Бұқара қаласында діни білім алған. Ташкенттегі Ислам университетін тәмамдаған.
1987 жылы Қарағанды қаласында имамдық қызмет атқарды.
1988 жылы бұрынғы Жезқазған...
Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады. Алғашқы кезеңде мұсылмандар жаңа туған айды көзбен көретін. Ғылым мен технология дамыған заманда мұсылмандық күнтізбе шариғи үкім мен ғылыми зерттеулер негізінде жасалды.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Оразаны айдың тууына қарап бастап, айдың тууына қарап аяқтаңдар. Егер ай көрінбесе, шағбан айын отыз күнге толтырып, бастай беріңдер», –...
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде оқу жылының аяқталуына орай «Діни сауат ашу курсының» шәкірттеріне сертификат табыстау рәсімі болып өтті. Шара шымылдығын ашқан ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы жиылған жамағатты қасиетті жұма күнімен құттықтап өтіп, білім үйренудің маңыздылығына тоқталды. «Тал бесіктен жер бесікке дейін ілім ізде» деген Пайғамбар (с.ғ.с.) өсиетіне сай асыл уақыттарын...
Бүгін Астана қаласында сәулеті ерекше мешіт ашылды. Алла үйінің ашылу салтанатты рәсіміне мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.
Салтанаты шарада сөз алған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз:
«Бүгін – күллі мұсылман қауымының рухани өмірінде тарихи күн. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында елімізде тұңғыш рет постмодернизм стилінде салынған мешіт есігін айқара ашты. Баламалы энергия көздерімен қамтамасыз етілетін нөмірі бірінші құтханамыз құтты болсын, ардақты ағайын! Біз мұндай...
Өзбекстанның Кашкадар облысының әкімшілік басшысы Зафар Рузиев кешкі уақытта тамақтану мекемелерінің жұмысын сағат 22.00 дейін шектеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Қашқар ауданы ІІД қылмыспен күрес басқармасының қызметкері Юлдашев хабарлады.
«Кашкадарда 22: 00-де барлық кафелер, барлар және басқа да ойын-сауық нысандарын жабу туралы шешім қабылдадық. Мұны келесі түрде түсіндіреміз. Мысалы, адамдар осындай мекемелерде сағат 22.00-ге дейін барып, содан кейін тыныш үйгеқайтады. Мұндай...
Оңтүстік Қазақстан облысында экстремистік мәндегі материалдар таратқан 8 азамат ұсталды.
«10-мамыр күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ОҚО ІІД және ОҚО бойынша ҰҚКД қызметкерлері бірлесе отырып, бірқатар ауданда экстремистік идеология туралы аудио және бейнежазбаларды таратқаны үшін 8 адамды ұстады» деп хабарлады ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік,...
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз мүфтият жанындағы «Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фараби әт-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығында жуырда қасиетті Құранды толық жаттап шыққан жас қарилармен кездесті. Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Сабынды ауылы, Ләззат атындағы медреседе өткен кездесуге ҚМДБ Астана қаласының өкіл имамы Асқар Мұқанов, осы орталықтың директоры Сәдуақас қари Олжабай, Елордадағы «Әлжан ана» мешітінің бас...
Бүгін Астана қаласындағы «Шарапат» әлеуметтік көмек көрсету орталығында Жеңіс мерекесінің 73 жылдық мерейтойына арналған шара болып өтті. Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік шара барысында ардагер қарияларға құрмет көрсетіліп, «Ардагер» саяжолына соғыс ардагерлерінің атаулы көшеттері отырғызылды.
Мерекелік іс-шараға республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев қатысып, ардагер ақсақалдарымызды Жеңіс мерекесімен құттықтап қайтты....
Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті Астана қаласындағы ардагер ақсақалдарды зиярат етіп, Жеңіс мерекесімен құттықтап қайтты. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы өзі бас болып, мешіт қызметкерлері асылдың сынығындай аз қалған ардагер қарияларды құттықтап, ізі дұғалары мен ілтипат-сыйлықтарын тарту етіп қайтты.
Кешегі қанқұйлы күндердің келмеске кеткенін әйгілеп, бейбіт заманда өмір сүріп жатқанымызға тағы бір жыл...
9147914691459144914391429141914091399138