Ливиядағы Президент сайлауының жеңімпазы анықталған секілді
Ливияның бұрынғы премьер-министрі Махмұд Жәбірейілдің Ұлттық күштердің альянсы (ҰКА) деп аталатын партиясы жеңіске жетіп отыр. Бұл жайында The Guardian газетінің редакциялық блогында жарияланды. Кандидаттардың қанша пайыз дауыс алғаны әлі дайын емес, бірақ жақын күндері жарияланады деп отыр. Триполидегі басылымның тілшісі: «ҰКА либералды партиясының жеңіске жеткенін, оларға қарсы исламистердің жеңілгенін қазірден жар салып айта беруге болады» – дейді. Жергілікті орталық сайлау...
date10.07.2012readCount2415readmoreТолығырақ
Израиль илікпей отыр
Израильдік билік БҰҰ-ның шешімінен тағы да бас тартты. Олар басып алынған Иордан өзенінің батыс жағалауына БҰҰ байқаушыларының баруына тыйым салып отыр. Адам құқығы жөніндегі БҰҰ кеңесі еврейлердің заңсыз қонысын зерттеу үшін миссия құрған еді. Бұл топқа Ботсвана, Пәкістан және Франция өкілдері ретінде үш әйел кірген еді. Израильдіктер Адам құқығы жөніндегі БҰҰ кеңесінің бұл әрекетін «біржақты», «еврейлерге қарсы алдын ала пішілген шаруа» деп байқаушыларға аяқ басқызбай...
date10.07.2012readCount3162readmoreТолығырақ
Дубайда тағы бір аспанмен астасқан ғимарат пайда болмақ
Алла жазса, Дубайда құны 32,66 миллион доллар болатын тағы бір жаңа туристік жоба салынбақ. Бұл жайында Дубай билеушісі Шейх Мұхаммед бин Рашид әл-Мақтум хабарлады. Аспанмен астасатын бұл жоба Al Berwaz Tower деп аталады. Құрылыс Zabeel паркінің жанынан салынбақ. Егер бұл жоба жүзеге асатын болса, елге тағы да 2 миллион турист тартылады деп отыр дубайлықтар. Көк тіреген мұнараның биіктігі – 150 метр, ені 105 метр болады деп отыр. Құрылыс 4 айдың ішінде басталып, 2013 жылы аяқталуы керек. Дубай бұрыннан...
date10.07.2012readCount2963readmoreТолығырақ
Бибі Мәриям киген жаулықты Италия шенеунігі қайтіп шешкізсін...
Италияның ішкі істер министрі Джулиано Амато ел территориясында хиджап киюге тыйым салатын заңға қол қоюдан бас тартты. Ол: «Исаның анасы Бибі Мәриям да басын жауып, жаулық киген, сондықтан да хиджап киюге тыйым сала алмаймын», – деген екен. Амато Итальяның екі мәрте премьер-министрі болған. Қазіргі уақытта кезіндегі Еурокомиссияның президенті Романо Продидің үкіметінде ішкі істер министрі болып қызмет етеді. Қалай дегенде де, Аматоның бұл жауабына «сөз тапқанға қолқа...
date10.07.2012readCount2813readmoreТолығырақ
Сириядағы бірнеше Қазақстандық елге оралу туралы өтініш жасады
Соғыс өртіне оранған Сириядағы бірнеше қазақстандық елге оралуға көмек сұрап, өтініш жасады. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті. «Бүгінгі күні Сирияда уақытша және тұрғылықты тұрып жатқан қазақстандықтардың саны 150 адамды құрап отыр. Олардың басым бөлігі Сирия азаматтарымен некеде тұрғандарды құрайды. Соңғы мәліметтер бойынша осы елдегі 50-ден астам Қазақстан азаматы Отанына оралған болатын....
date10.07.2012readCount3882readmoreТолығырақ
Яһудилер мен мұсылмандар велосипед шеруін ұйымдастырды
Чикагоның мұсылмандары мен яһудилері кітап иелерінің діндері арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында қаланың орталық мешітінен синагога ғибадатханасына дейін велосипед шеруін өткізді. Білетін болсаңыз, яһудилер де, мұсылмандар да Ибраһим Пайғамбарының ұрпақтарына келген дінді ұстанып отыр. Шеруге қатысушы Джули Хоштадтер: «Мұсылмандар мен яһудилер арасында ортақ дүние өте көп», – дейді. Бұл шеруге 60 шақты мұсылман мен яһуди қатысқан. Бұлар ең әуелі орталық...
date10.07.2012readCount2552readmoreТолығырақ
Хижаб кигендердің телеарнасы қосылмақ
Рамазан айында, яғни шілденің 20-сы күні Египетте мұсылмандар әлемі үшін жаңа спутниктік телеарна қосылмақ. Бұл телеарнаның ерекшелігі – мұнда бастан-аяқ тек ниқаб киген әйелдер ғана жұмыс істейтін болады. Яғни, продюссерінен бастап, корреспондеттеріне дейін, басқа да барлық қызметкерлері ниқаб киюлері тиіс. Телеарна «Мәриям» деп аталады. Мәриям – Пайғамбарымыздың әйелі. Арна Islamic Umma Channel телеарнасы арқылы күніне 6 сағат көрсетіледі. Бағдарламаның басым көпшілігі ниқабқа...
date10.07.2012readCount3738readmoreТолығырақ
Германия мұсылмандары мен еврейлері еркін сүндеттеле алмай жүр
Германиядағы Симон Визенталь атындағы еврей құқыққорғау орталығы Германия канцлері Ангела Меркель мен бундестагына Германияның мұсылмандары мен еврейлері үшін сүндетке отыру рәсіміне заң тұрғысынан рұқсат беру жайында үндеу жолдаған. Маусым айының соңында Кельн қаласының жергілікті соты сүндетке отырғызу рәсімін «қылмыс» деп шығарған. Олардың айтуынша, бұл да денеге келтірілген зақыммен бірдей-міс. Осы шешімнен кейін Германиядағы клиникалар сүндеттеуден бас тартқан....
date09.07.2012readCount2792readmoreТолығырақ
Шу қаласы «Жәнібек-Керей» аталуы мүмкін бе?
Шу қаласының атауын қазақтың бірінші хандары Керей мен Жәнібектің құрметіне атау қажет. Түркі халықтарының бүкіләлемдік ассамблеясы мемлекет басшысының, үкімет басшысының және парламентке осындай үндеу тастады. Үндеудің бастамашысы – ассамблея президенті Ерментай Сұлтанмұрат қалаға Жәнібек-Керей атын беріп, оған республикалық мәртебе беру керек, ал қала көшелері мен алаңдарын хан саңлақтарының атымен атау қажет, сондай-ақ, қалаға мұражай мен мемориалды кешен құруға тиіспіз...
date09.07.2012readCount4755readmoreТолығырақ
Ауғанстанға Түркия 150 миллион ақша бөлмек
Түркия Ауғанстандағы жобалардың жүзеге асуына 2015-2017 жылдар аралығында 150 миллион доллар көлемінде қаржы бөлмек. Бұл турасында Ауғанстанның болашағы жайында Токиода өткен конференция кезінде Түркияның даму министрі Джевдет Йылмаз мәлімдеді. Бұл сома қазіргі күні жүзеге асып жатқан Анкараның жобаларына қосымша қаржы ретінде қарастырылмақ. Бұл жобалар 2014 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Түркия министрі Жапонияда өтіп жатқан конференцияның мақсаты – Ауғанстанға бейбітшілік...
date09.07.2012readCount2701readmoreТолығырақ