Астанадағы келелі Кеңес отырысы
Бүгін Елордада Бейбітшілік пен келісім сарайында ҚР Дін істері агенттігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығында, осы Орталық бастамасымен құрылған «БАҚ-тарда діни тақырыпты жариялау бойынша Әдістемелік Кеңес» отырысы болып өтті. Оған Дін істері агенттігінің өкілдері, діни қызметкерлер, діни бірлестіктер мен конфессия өкілдері және теолог ғалымдар қатысты. Отырысты Кеңес төрағасы «МДХО» директоры философия ғылымдарының докторы, профессор Айдар Әбуов...
date11.07.2012readCount3024readmoreТолығырақ
Он екі жастағы хафиз Құран оқудан әлемдік рекорд орнатты
Үндістанның Махараштра штатының Ахмеднагар қаласында Мухаммед Забихулла есімді бала Құранды жатқа 12 сағат ішінде оқып шыққаны үшін әлемдік рекорд орнатты. Таңертеңгі сағат 8-де оқып бастаған ол еш мүдірместен және кітапқа қарамастан кешкі сағат сегізде хатым етіп бітірген. Мухаммед Забихулла Құранды 8 айдың ішінде жаттап шыққан. Осы жетістігі үшін мектеп басшылығы жақсы сыйлық тарту еткен. Бірақ қандай сыйлық екені айтылмады. Қазіргі уақытта Гиннес рекордтар кітабына Мухаммед...
date11.07.2012readCount2884readmoreТолығырақ
Қазақстан Сириядағы зорлық-зомбылықты тоқтату бойынша БҰҰ адам құқықтары жөніндегі кеңесінің күш-жігерін қолдайды
Бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғары Комиссары, БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары Наванетхем Пиллэй ханыммен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар кең ауқымды мәселелерді талқыға салды, солардың ішінде Қазақстанның адам құқықтары саласындағы міндеттерін орындауы, біздің еліміздің Орталық Азия бойынша АҚЖКБ-нің өңірлік офисімен ынтымақтасуы, Адам құқықтары жөніндегі іс-шаралардың...
date11.07.2012readCount2784readmoreТолығырақ
Рамзан Қадыров Ресей аймағындағы ең ашық басшылардың бірі деп мойындалды
Мұндай рейтингті ұлттық мониторинг қызметі мен тәуелсіз саяси зерттеулер институты жариялапты. Ақпараттық ашықтықтың коэффициенті губернатордың сөйлеген сөздерінің баспасөзде жариялануы немесе аймақ басшысының аты аталған хабарлардың қатынасы арқылы шыққан. 2012 жылдың маусым айындағы рейтингке сүйенсек, Рамзан Қадыров 24-ші орыннан екінші орынға бір-ақ секірген. Бірінші орында Приморск өлкесінің басшысы Владимир Миклушевский тұр екен. Салыстыру үшін айтайық, Мәскеу басшысы...
date11.07.2012readCount2878readmoreТолығырақ
Иран шиеленістердің тұтануына шетелдіктердің араласуы себеп болады деп есептейді
Иран «көрші ақысы – тәңір хақысы» деп, өзінің көршілері Египет, Сирия, Ирак және Ауғанстан мемлекеттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тер төгемін деп отыр. Бұл жайында Иран парламентінің бірінші вице-спикері Мұхаммед Хасан Абуторабифард мәлімдеді. Ол мұндай мәлімдемесін Тегеранда өткен Азиялық парламенттік ассамблеясының ашылуында айтты. Ол: «Таяу Шығыстағы әрбір мемлекет біреудің тұмсық сұғуынсыз өз тағдырын өзі шешуі керек», – деп есептейді. Абуторабифард...
date11.07.2012readCount2443readmoreТолығырақ
Американдық ислам уағыздаушысы өз бағасын алды
Американың атақты дін үгіттеушісі шейх Жүсіп Эстес исламның бұрмаланбаған құндылықтарын Батыста насихаттағаны үшін «Ислам қайраткері - 2012» атағын иеленді. Бұл жайында 7DAYSinDubai ақпарат агенттігі хабарлап отыр. «Мұндай сүйнші хабарды естірткенде оның қуанышында шек болмады, – дейді сылықты тағайындау үшін құрылған ұйымдастырушы комитетінің төрағасы Ибраһим Бумелья. – Ол өзінің шынайы ықыласы мен алғысын Дубайдың билеушісі шейх Мұхаммед бин Рашид әл-Мақтұмға,...
date11.07.2012readCount3016readmoreТолығырақ
Тоқаев те сүйісу марафонына қарсы
Кеше бұрынғы Парламент Сенатының төрағасы, қазіргі күні БҰҰ бас хатшысының орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-інде «сүйісу марафонына» қарсы екенін жазды. «ҚМДБ Астанада өтетін «сүйісу марафонына» байкот жасағанын қолдаймын. Өзге елдің қаңсығын көз соқырлық көшіруге болмайды», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
date11.07.2012readCount3525readmoreТолығырақ
Сорақы сайыс тоқтатылды
«13 шілде күні Астанада сүйістен жарыс өтеді» деген ақпарат ел арасына желдей есіп еді. Жастарды азғындық пен арсыздыққа жетелейтін сүйіс сайысы тоқтатылды. Бассыз бастаманы тоқтату туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеме жасағаны мәлім. ҚМДБ мәлімдемесін еліміздің тіліміз бен дінімізге жанашыр сайттары, баспасөз құралдары жариялағанын айту керек. Қоғам қайраткерлерінің, БАҚ өкілдерінің, дін қызметкерлерінің жанайқайы бәлелі іске бастамашыл болғандардың...
date11.07.2012readCount4571readmoreТолығырақ
«Жиһад құйыны» оқырманға жол тартты
Белгілі американдық зерттеуші, Карнеги қорының қызметкері Марта Олкоттың «Жиһад құйынында» деп аталатын жаңа кітабы оқырманға жол тартты. Еңбек әзірге тек ағылшын тілінде жарық көріп отыр. Ағымдағы жылдың күзіне дейін кітаптың орыс тіліндегі нұсқасы көпшілікке ұсынылатын болады. Туындыда Өзбекстандағы діннің, мемлекет пен қоғамның өзара байланысының эволюциясы қарастырылады. Сондай-ақ, 1980-2001 жылдар аралығындағы діни қайта өрлеудің өзбек еліне қалай әсер еткендігі және осы...
date10.07.2012readCount2637readmoreТолығырақ
Ольга Кабанюк – Әзірет Сұлтан мешітінің алғашқы қарлығашы
Кеше Әзірет Сұлтан мешіті үшін жағымды оқиға болды. Күні кеше ғана тұсауы кесілген мешітте орыс ұлтының бір қызы мұсылмандықты қабылдады. Ислам дінінің табалдырығын аттаған Ольга Кабанюк мұндай шешімге өзінің жан қалауымен келгенін айтады. Ольга бұдай былай Сабель деген есімді алып жүретін болды. Азан шақырып қойған есім тек құт әкелсін дейміз қарындасымызға! Мешіт қызметкерлері Сабельді алдағы күнде орыс тілінде ашылатын «Ислам негіздері» курсына шақырды. Сабель бұл курстың...
date10.07.2012readCount3058readmoreТолығырақ