Германияда ұлдарды сүндетке отырғызуға тыйым салынбайды
Бұл туралы осы елдің канцлері Ангела Меркельдің өзі мәлімдеді. Ол азаматтардың діни бостандығы демоктратиялық қоғамның ең басты негіздерінің бірі деп шегелеп айтқан. Жақын арада неміс үкіметі даулы мәселені түпкілікті шешуі мүмкін. Өткен айдың соңында Кельн соты ер балаларды сүндетке отырғызу заңсыз деп байбалам салған болатын. Заң орны баланың денесіне қол сұқпау оның діни сенімі мен ата-ана құқығынан да жоғары деген қаулы шығарған. Бірақ, Еуропаның мұсылман және еврей ұйымдары...
date16.07.2012readCount2542readmoreТолығырақ
Палестинадағы Ислам университетінде араб әлеміндегі ғарыш ғылымдарының алғашқы кафедрасы ашылды
Толық атауы Астрономия, астрофизика және ғарыш ғылымдары кафедрасы деп аталатын бөлімнің ашылуына ЮНЕСКО мұрындық болды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының Палестинадағы өкілі Дерек Элиас бұл жобаның мақсаты осы саладағы зерттеу және білім беру шараларын қолдау деп атап көрсеткен. Ол «Бұл қадам астрономия, астрофизика және ғарыштық ғылымдар саласында мамандар дайындау, арнайы оқыту курстарын ұйымдастыру және ғылыми дәрежелерді бекітуге...
date16.07.2012readCount2832readmoreТолығырақ
Құран әлемнің 40 тіліне аударылады
Құран Кәрім бүгінгі күнге дейін әлемнің 148 тіліне аударылыпты. Жақын арада қасиетті кітапты тағы 40 тілге аудару жоспарланып отыр. Бұл туралы Иран Ислам республикасы Мәдениет және исламды бағдарлау министрінің орынбасары Хамид Мохаммади арнайы баспасөз мәслихатында мәлімдеген. Сондай-ақ, Мохаммади Тегеранда Қасиетті Құранның ХХ халықаралық көрмесі басталғанын хабарлады. Оның айтуынша, әлемнің әр түрлі елдерінен 150-ден астам баспа қатысып жатқан бұл шара тамыздың 14-іне дейін...
date16.07.2012readCount3238readmoreТолығырақ
Грекия мұсылмандары қоймаларды мешіт ретінде пайдаланып жүр
Грекия мұсылмандары қоймаларды мешіт ретінде пайдалануға мәжбүр. Бұған жергілікті биліктің қырсыздығы мен экономикалық дағдарыс себеп. Осы елдің 48-жастағы тұрғыны Осама әл-Наджар: «Мұндағы барлық діндерге – яһудилерге, буддистерге құлшылық орындары берілген. Ал бізге ондай мүмкіндік жасалмай отыр. Соншама не жаздық екен», – деп шағымданады. Грек мұсылмандары мешіт құрылысын салдыру үшін көп күш-жігер жұмсады. Олардың талабы әуел басында ескерілгендей еді. Билік...
date13.07.2012readCount2306readmoreТолығырақ
Уфада Құран оқитын балалардың бүкілресейлік сайысы өтеді
14 шілдеде Уфаның «Ляля-Тюльпан» мешітінде Құран оқитын балалардың ІХ бүкілресейлік сайысы өтеді. Шараға Ресей Мұсылмандарының орталық діни басқармасы және Ресей Ислам университеті (Уфа) ұйытқы болып отыр. Байқауда бақ сынауға 120-дан астам адам өтініш білдіріпті. Жарыс үш топ арасында өткізіледі. Бірінші топқа қасиетті кітапты үйреніп жүргеніне бір жыл толған талапкерлер қатысса, екінші топта үйренгендеріне бір жыл асқандар бақ сынай алады. Ал үшінші топқа кез келген ниет...
date13.07.2012readCount2697readmoreТолығырақ
АҚШ Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізді
АҚШ-тың Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік департаменті Иранның бірқатар мемлекеттік компанияларына қарсы жаңа санкциялар енгізді. Кезекті шектеулер 11 ирандық компания мен төрт жеке тұлғаға салынды. Ресми Вашингтон мұндай қатаң қадамға Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты барып отырғанын айтты. Қара тізімге іліккен барлық компаниялар енді Америка аумағында кәсіпкерлікпен айналыса алмайды, ал олардың америкалық әріптестеріне қазірден бастап іскерлік байланыс орнатуға...
date13.07.2012readCount2886readmoreТолығырақ
Дубайда 2013 жылы экологиялық мешіт тұрғызылады
Дубайда 2013 жылы экологиялық мешіт тұрғызылады. Ерекше құлшылық орнындағы су мен электр энергияны пайдалану әдеттегіден 19 пайызға дейін кемиді. Ол Дубайдағы Дейра іскерлік орталығында салынбақ. Жобаны іске асыруға Дубайдың Ислам қатынастары жөніндегі комитеті мен Аз ұлттар істері жөніндегі қор 25 миллин дирхам (шамамен 7 миллион доллар) қаржы құяды. Аумағы 4,2 мың шаршы метр болатын мешітке 3 жарым мың намазхан сияды. Мешіт шатырында жасыл желектер салынады, бұл өз кезегінде ыстықтан...
date12.07.2012readCount2914readmoreТолығырақ
Дубайда алтыннан жасалған әлемдегі ең қымбат кекс әзірленді
Дубайда әлемдегі ең қымбат кекс жасалды. Таңсық астың бағасы 1 мың доллар. «Алтын феникс» деп айдар тағылған тәтті тағам Италияда өнідірілетін шоколадтың «Premium Amedei Porcelena» деген ең қымбат түрінен, жоғары сапалы және органикалық ұннан және 23 каратты желінетін алтыннан пісірілген. Кекс салынған кесе мен қасық та алтыннан екен. Шеф-аспазшы Жүсіп Әли алтын кексті көптеп әзірлеп, Дубайда ғана емес, Еуропа елдерінде де сатуды жоспарлап отыр. Ондағы мақсаты кәрі құрлықтың қалталы...
date12.07.2012readCount3321readmoreТолығырақ
Мысыр биыл 12 миллион шетелдік турист қабылдауды жоспарлап отыр
Мысыр үкіметі биыл осы елге келетін туристер санын 12 миллионға жеткізуді жоспарлап отыр. 2011 жылғы көктемдегі төңкеріс пен Хосни Мүбәрәк тақтан тайдырылған соң перғауындар еліне келушілер саны әдеттегі 14 миллионнан 9 миллион адамға дейін қысқарып кеткен болатын. Жергілікті билік биыл осы олқылықтың орнын толтыруға бел байлапты. Егер жоспарланған меже шын мәнінде орындалатын болса, ел бюджетіне 10 миллиард доллар түспек. Ал, 2017 жылға қарай саяхатшылардың санын 20-25 миллионға жеткізу...
date12.07.2012readCount2434readmoreТолығырақ
Финляндияда Исламға қызығушылық артып келеді
Финляндияда Исламға деген қызығушылық артып келеді. Бұл елде Құран үйрететін қоғамдық негіздегі мектептер көптеп ашылып, оларға тұрғындар ағыла бастаған. Мұндай игі үрдіс туралы Хельсинки университетінің исламтанушы профессоры Йакко Хамеен-Антилла мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір Финляндияда 40 мыңға жуық мұсылман тұрады. Бірақ, әзірге бірде бір ресми медресе ашылмапты.
date12.07.2012readCount2694readmoreТолығырақ