Сирияда жаңа қорғаныс министрі тағайындалды
Сирияда жаңа қорғаныс миинстрі тағайындалды. Әскери мекеменің басшысы болып Фахад Джассим әл-Фрейдж бекітілді. Бұрынғы министр Дауд Раджиху кеше бірнеше жоғары лауазымды шенеуніктермен бірге жарылыстан қаза тапқан болатын. Олардың арасында қорғаныс министрінің орынбасары президент Башар Асадтың туысы Асиф Шаукат та көз жұмды. Лаңкестік қауіпсіздік қызметкерлерінің жиналысы өтіп жатқан ғимарат ішінде болған.  Кейбір мәліметтер бойынша, күзетші болып жұмыс істейтін жанкешті...
date19.07.2012readCount2703readmoreТолығырақ
Түркияның кейбір қонақ үйлері Рамазан айында бағаларын төмендетіп жатыр
Түркияның кейбір қонақ үйлері Рамазан айында бағаларын төмендетуге кірісті. Солардың бірі – Анталиядағы Şah Inn Paradise отелі. Басшылығы қонақ үйде тұру ақысын 60 пайызға дейін арзандатқан. Бұрынғы баға күніне 110 еуро болса, қазір 49 еуроға азайды. Түркия Қонақ үй ұстаушылар федерациясының төрағасы Осман Айик биылғы Рамазан айы туристік науқанмен сәйкес келсе де, отельдер 90-100 пайызға дейін толы екенін айтады. Оның пайымынша, қасиетті айда жергілікті туристер азайғанмен, шетелдік...
date19.07.2012readCount3115readmoreТолығырақ
«Қасиетті Рамазан» тікелей телефон желісі ашылды
Құрметті жамағат! Muslim.kz сайтының әкімшілігі бүгіннен бастап жедел телефон желісі жұмыс істейтінін қуанышпен хабарлайды. Қасиетті Рамазан айының оразасына қатысты қызықтырған барлық сұрақтарыңызды қоя аласыз. Желі екі тілде жауап береді. Тел: (7172) 78-14-42 (қаз), 78-11-92 (орыс). Сall center-дің жұмыс уақыты: 10.00-нан 17.00-ге дейін. 
date19.07.2012readCount3292readmoreТолығырақ
Мешітімізде тарауих намазы басталады
Құрметті жамағат! "Әзірет Сұлтан" мешітінде шілде айының 19-шы жұлдызынан бастап, күнделікті құптан намазынан кейін жамағатпен тарауих намазы оқылады. Намазды еліміздің маңдайалды қарилары өткізеді. Күніне 1 пара (бір жүз) оқылады. 30 күн оразада Құран Кәрім толық хатым етіледі. Намаз 23:00-де басталады.
date19.07.2012readCount3176readmoreТолығырақ
Рамазан мүбәрак болсын
Құрметті отандастар! Алла тағала рамазан айында ұстаған оразаларымыз бен құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл етіп, баршамызды екі дүниенің бақытына бөлегей. Халқымыздың ынтымақ-бірлігі артып, тәуелсіздігіміз баянды болғай. Әмин! Muslim.kz сайтының әкімшілігі
date18.07.2012readCount3237readmoreТолығырақ
"Әзірет Сұлтан" мешітінде ауызашар ұйымдастырылады
Құрметті жамағат! Ардақты Пайғамбарымыздың (ғ.с.) хадисінде: «Кімде-кім ораза ұстаған жанды ауызашарға шақырып тамақ беріп аузын аштырса – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді»–делінген. Мешітіміздің мейрамханасында 30 күн бойы ауыз аштыру ұйымдастырылады. Ауыз аштыру сауабына ортақтасуға шақырамыз. 1 кісіге ауыз аштыру бағасы 1000 теңге. Байланыс телефоны 8 701 351 4972 Алла разы болсын!
date18.07.2012readCount3756readmoreТолығырақ
Сауд Арабиясында адам денесіне сурет салушы ер адам 200 рет дүрелеу жазасына кесілді
Сауд Арабиясындағы Жедда қаласының соты адам денесіне сурет салушы ер адамды 200 рет дүрелеу жазасына кесті. Бұдан басқа, айыпталушы айыппұл төлеп, бір жыл темір торда отырады. Лақап есімі «Король» деп аталған ливандық Саудияның Тәрбие сақшылары жүргізген арнайы рейд кезінде ұсталған. Ол 9 жыл бойы жергілікті қыз-келіншектердің денесіне татуировка жасаумен айналысқан. Сауд Арабиясына Ливаннан бизнес виза арқылы келіп-кетіп жүрген. Әуел басында «Король» қылмыстан жалтармақ...
date18.07.2012readCount3209readmoreТолығырақ
Француз үкіметінің хиджапқа қарсы науқаны діни тұрғыдағы қылмыстардың артуына ықпал етіп отыр
Француз үкіметінің хиджапқа қарсы науқаны діни негіздегі қылмыстардың артуына ықпал етіп отыр. «Исламофобияға қарсы бірге» ұйымының өкілі Маруон Мұхаммед «Мұсылмандарды жек көрушіліктен жасалып жатқан қылмыстар көбейді. Әрі бұл тұрғыда кейбір қылмыскерлерге анық қолдау көрсетіліп отыр» деп қынжылады. Ол «Қазір діни төзімсіздік күрт жоғарылап кетті. Жапа шеккендердің 92 пайызы – әйел адамдар. Әйел бостандығын желеу еткен француз идеологиясы үсті-басын қымтағысы...
date18.07.2012readCount2624readmoreТолығырақ
Путин Аннанды жан-жақты қолдауға сөз берді
Ресей президенті Владимир Путин Біріккен ұлттар ұйымы мен Араб елдерінің Сирия жөніндегі арнайы елшісі Кофи Аннанмен кездесіп, Сирия мәселесін шешуде қолдау көрсетуге уәде берді. Аннан Мәскеуге екі күндік жұмыс сапарымен келген болатын. Бұл оның соңғы төрт айдағы екінші келуі. Орыс тарапы Ресей Сирия мәселесі бойынша екінші отырысты не Мәскеуде, не Женевада қайтадан өткізуге ықпал жасайтынын жеткізді. Кремль баспасөз қызметі «Осының өзі-ақ Ресейдің Аннан жоспарын саяси...
date18.07.2012readCount2437readmoreТолығырақ
Еврей әскерилері Асад тақтан тайғаннан кейін болатын жағдайға қатты алаңдап отыр
Еврей әскерилері Башар Асад тақтан тайдырылғаннан кейінгі жағдайға қатты алаңдаулы. Бұл туралы Израиль әскери барлау қызметінің генерал-майоры Авив Кохави парламент депутаттарының алдында жасаған мәлімдемесінде айтты. Кохавидің қолында бар мәлімет бойынша, Сирияның қазіргі билігі азаматтық соғыста жеңіске жете алмайды. Оның топшылауынша, Асад режимі екі айдан екі жылға дейін беріспеуі де мүмкін. Бірақ, еврей генералын алаңдатып отырған мәселе басқа. Кохави Асад үкіметі құлаған...
date18.07.2012readCount2801readmoreТолығырақ