Араб елдері лигасы Башар Асадты тағынан түсуге шақырды
Араб елдері лигасы Сирия президенті Башар Асадты орнынан кетуге шақырды. Мұндай мәлімдеме Катар астанасы Дохада өткен араб елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуінде жасалды. Бұл талапты Лигаға мүше бір мемлекеттен басқасы қолдапты. Қарсы болған бұл елдің аты аталмай отыр. Сонымен бірге жиын барысында Сирия оппозициясына Уақытша ұлттық кеңес құру ұсынылған. Бұдан басқа, Сириядан қашып жатқан босқындарға 100 миллион доллар беру туралы шешім қабылданды. Соңғы мәліметтер бойынша,...
date23.07.2012readCount4465readmoreТолығырақ
"Әзірет Сұлтан" мешітіндегі алғашқы ауызашар (фото)
20 шілде 2012 жыл
date21.07.2012readCount3134readmoreТолығырақ
"Әзірет Сұлтан" мешітіндегі алғашқы тарауих намазы (фото)
19 шілде 2012 жыл
date21.07.2012readCount2624readmoreТолығырақ
Сауд Арабиясында әйелдерге темекі тартатын күйеулерімен ажырасуға рұқсат берілді
Сауд Арабиясында әйелдерге тұрмысқа шыққан соң, күйеуінің темекі тартатынын білсе, онымен ажырасуға рұқсат берілді. Бұл заңды жергілікті Аппеляциялық сот судьясы Ибрагим Ходейри: «Темекі зиян болғандықтан, некені бұзуға болады. Себебі, шылым шегетін адаммен бір шаңырақ астында өмір сүру мүмкін емес» деп түсіндірді. Ал егер, әйел болашақ жарының зиянды әдетін отбасы болғанша білсе, онда сот ажырасуға рұқсат бермеді. Некенің ұзақтығы да оны сақтап қалуға себеп болуы мүмкін....
date20.07.2012readCount2779readmoreТолығырақ
«Дубайдағы Рамазан» науқаны басталды
Біріккен Араб әмірліктерінің астанасында «Дубайдағы Рамазан» атты науқан басталды. Ауқымды іс-шараларға эмираттың үкіметтік мекемелері мен жекеменшік компаниялар бірге атсалысуда. Осы айда дәстүрлі «Дубай Халықаралық Қасиетті Құран» сыйлығы табысталады. Сауда орталықтарында ислам тақырыбына қатысты әндерден хор айтылады. Рамазан кезінде балаларға да ерекше көңіл бөлінбек. «Модхеш әлемі» атты ойын-сауық орталығында исламға қатысты шаралар өтеді. Барлық сауда...
date20.07.2012readCount3016readmoreТолығырақ
Мысырда 572 жазасын өтеушіге қасиетті Рамазан құрметіне рақымшылық жасалды
Мысыр президенті Мұхаммед Мурси қасиетті Рамазан айының құрметіне 572 жазасын өтеушіге рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Мысырдың «Әл-Ахрам» газетінің сайтында хабарланды. Бостандыққа шыққандардың көбісі – былтырғы мемлекеттік төңкеріс кезінде қамауға алынғандар. Амнистияға іліккен адамдардың тізімін 2011 жылғы төңкерістен кейін сотталғандардың ісін тергеу жөніндегі Мемлекеттік комиссия ұсынған. Бүлік кезінде 11879 адам темір торға тоғытылған болатын....
date20.07.2012readCount2763readmoreТолығырақ
Біріккен Араб Әмірліктерінде туристерге қоғамдық орындарда ішіп-жеуге, темекі тартуға тыйым салынды
Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі Рамазан кезінде туристерге қоғамдық орындарда тамақ жеуге, ішуге және темекі тартуға тыйым салды. Қасиетті айда шетелдіктерге арналған олардың осы елде өздерін ұстау ережелері 12 тілде басылып шықты. Ескерту қағаздар Абу-Даби әуежайы мен қонақ үйлерде таратылып жатыр. Жергілікті полиция өкілінің айтуынша, қоғамдық тәртіпті бұзатын іс-әрекеттер қатарына ішімдік ішу, мас күйде көлік жүргізу, жезөкшелер қызметін пайдалану, қайыр сұрау, қаңғыру...
date20.07.2012readCount3088readmoreТолығырақ
Өзбекстан президенті Рамазан айын лайықты өткізу туралы арнайы қаулы шығарды
Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов «Рамазан айын лайықты өткізу туралы» қаулыға қол қойды. Бұл құжат бойынша Қарақалпақстан Министрлер кеңесіне, облыстар мен Ташкент қаласының хокимияттарына «Нуроний», «Махалля» және басқа қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, Рамазан айын ұлттық салт-дәстүрлер мен құндылықтарға сай өткізу жүктелген. Қасиетті айда жергілікті кемеңгер бабалардың мұраларын, киелі орындарды жөндеу, қалпына келтіру, адамгершілік пен рухани байлықты...
date19.07.2012readCount3528readmoreТолығырақ
Татарстан Мүфтиі жарылыстан жарақат алып, орынбасары атып өлтірілді
Қазанда Татарстан Мұсылмандар басқармасының төрағасы Илдус Файзовтың көлігі жарылып, өзі жарақат алды. Қазір дінбасы ауруханада жатыр. Бұл туралы Татарстан бойынша Тергеу комитеті Тергеу басқармасының аға көмекшісі Эдуард Абдуллин мәлімдеді. Татарстан муфтиіне қастандық бүгін таңертең жасалған. Абдуллин: «Мүфти үйінен шығып, жұмысқа бару үшін көлігіне отырған. Жарылыс осы сәтте болады. Жарақат алып, нөмері 15-інші ауруханаға жеткізілді» деді. Бұған дейін Татарстан мүфтиінің...
date19.07.2012readCount2887readmoreТолығырақ
Сирия президенті Башар Асад Дамаскіден қашып кетті
Сирия президенті Башар Асад Дамаскіден Латакия қаласына қашты. Жергілікті оппозиция осылай деп жар салды. Латакия Жерорта теңізі жағалауындағы Тартус айлағына жақын жерде орналасқан қала. Оппозиция таратқан ақпаратқа сенсек, Асад екі күннен бері елдің көзіне көрінуден қалған. Ол Дамаскідегі және бүкіл аумақтағы әскери қимылдарды Латакияда тығылып басқарып отырған көрінеді. Бүлікшілер президент қауіпсіз жерге отбасын да ала кеткен дейді. Көтерілісшілер Асадтың көзін құртпай...
date19.07.2012readCount4266readmoreТолығырақ