Лаңкестік жасалған мүфти бүгін ауруханадан шығарылады
Татарстан мүфтиі Илдус Файзов бүгін ауруханадан шығады. Бұл туралы осы елдің денсаулық министрлігінің өкілі Нұрислам Гильмутдинов хабарлады. Гильмутдинов: «Бүгін Илдус Файзов шығарылады. Мүфтидің жағдайы жақсарып келеді, оған барлық қажетті дәрігерлік көмек жасалды. Әрі қарай үйінде емделеді», – деп мәлімдеді. Дінбасы ота жасалғандықтан, ораза ұстай алмаған. Қазір, мүфти жатқан бөлме күні-түні күзетілуде. Кісілердің көп келуіне де шектеу қойылған. Татарстан мұсылмандар...
date24.07.2012readCount2600readmoreТолығырақ
Ыстамбұлда көне Араб мешіті қайтадан жұмыс істемек
Ыстамбұлда теңдессіз тарихи Арап-жами, яғни, қазақша айтқанда Араб мешіті қайтадан іске қосылды. Қуанышты хабарды Түркияның танымал Taraf газеті жариялады. Туристік қаланың Галата атты ежелгі ауданында орналасқан араб мешіті мұсылмандар 1453 жылы Константинопольды басып алғаннан кейінгі намаздарын алғаш өтеген қасиетті орын ретінде құнды. 1233 жылы салынған бұл ғибадатхана бұған дейін доминикандық шіркеу қызметін атқарған болатын. 1475 жылы оны мешітке айналдырып, Араб-жами деп атап...
date24.07.2012readCount2504readmoreТолығырақ
Нигерия мұсылмандары ауызашарды христиандармен бөлісті
Нигерияның бірлікті ту еткен мұсылман және христиан жастары Белло Сұлтан мешітіндегі ауызашарға жиналып, бір дастарханнан ас жеп, татулық пен төзімділік үлгісін паш етті. Бұл мешіт осы елдің солтүстік-орталығындағы Кадун штатында орналасқан. Сауапты да салауатты шара туралы Нигерия Христиан қауымдастығы жастар қанатының президенті: «Мұсылмандардың христиандарды тарихи мешіттегі мерекелік ауызашар дастарханына шақыруы айтарлықтай іс болды», – деді. Ифтарға 100-ден астам...
date24.07.2012readCount2895readmoreТолығырақ
Иран Батысты қорқытты
Иран уран байытуды 56 пайызға дейін арттыруға дайын. Ресми Тегеран егер батыс елдері мұсылман мемлекетіне қысым жасауды тоқтатпаса, уран байытуды қазіргі 20 пайыздан 56 пайызға дейін күшейтетінін ескертті. Бұл туралы Иран рухани көшбасшысы, аятолла Хаменеидің көмекшісі Саид Реза Такави мәлімдеді. Сарапшылар уран байытуды 90 пайызға жеткізгенде ядролық қару жасауға болатынын айтады.
date24.07.2012readCount2638readmoreТолығырақ
АҚШ Сирияны химиялық қару қолданудан сақтандырды
АҚШ Сирия билігіне оппозициямен күрес кезінде химиялық қару қолдану туралы тіпті де ойламасын деп ескерту жасады. Бұл туралы Пентагон баспасөз хатшысы Джордж Литтл мәлімдеді. Өз кезегінде, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун да мұндай қадам «ақылға сыйымсыз» деп айыптады. Кеше Сирия үкіметінің ресми өкілі Жихад Мақдиси сыртқы күштер оның еліне басып кіретін болса, Асад билігі химиялық қару қолданудан тайынбайды деп жар салды. Әрі қатерлі қаруды өз азаматтарына қарсы қолданбайтынын...
date24.07.2012readCount3962readmoreТолығырақ
Қытайдағы мұсылмандар қиындықтарға қарамастан ораза ұстауда
Қытай мұсылмандары зайырлы елдің талаптарын да, діни парыздарын да қатар атқарып жатыр. Синин қаласында ондаған мың мүмін Дунгуань ескі мешітінде ауыз ашқан соң жамағат намазын өткеріп жүр. Бұл мешіт осыдан 600 жыл бұрын салынған екен. Ма Юнлян есімді мұсылман: «Біздің өмірімізде қанша қиыншылық болса да, біздің иманымыз әркез мықты. Рамазан – ең қасиетті ай, бұл айдағы құлшылықтың маңызы ерекше», – дейді. Шілденің ыстығы қытай мұсылмандарына ұзақ күнде жұмыс істеуге еш...
date24.07.2012readCount2713readmoreТолығырақ
ҚМДБ Зекет қорының Астана өкілдігі 30 күн бойы тегін ауызашар ұйымдастырады
Қасиетті Рамазанның ерекшелігінің бірі - ораза ұстаушыларға шамасы келетін қайырымды жандардың мол сауап алу мақсатымен Алла разылығын көздеп, әр кеште ауызашар беру үлкен сауапты іс екендігін ескерген ҚМДБ Зекет қорының Астана қаласындағы өкілдігі Абдулкәрім атты азаматтың қолдау көрсетуімен Астана қаласындағы «Қойша» кафесінде отыз күн оразада әр күні жүз кісіге ауызашар дастарханын ұйымдастыруда. Кешірім мен мейірімге толы Рамазан айында сауапты іс жасаймын деген кез...
date23.07.2012readCount3064readmoreТолығырақ
Еліміздің танымал ақыны Балғынбек Имашев арнайы muslim.kz сайты үшін «Жарапазан»
  ЖарапазанАйтайын жарапазан қазағыма,Адал ас нәсіп болсын қазаныңа.Шайтандар кісенделген оразада,Мұсылман бекем болсын намазына.Мұхаммед үмбетіне жарапазан,Оразаң қабыл болсын ұстаған жан.Айтамын жарапазан Алашыма,Қазақтың құт дарысын даласына.Әуелі береке мен бірлік керек,Әлемде исі қазақ баласына.Айтайын жарапазан Астанаға,Тәңірім нұрын төксін бас қалаға.Өз елі, өз жерінде әр қазақтың,Бағы асып қолы жетсін баспанаға.Айтайын жарапазан Есіліме,Қазақтың ырыс келсін...
date23.07.2012readCount5546readmoreТолығырақ
Колорадо кинотеатрында 12 көрерменді атқан қылмыскердің лаңкестік ұйымдарға еш қатысы жоқтығы анықталды
АҚШ құқық қорғау орындары Колорадо кинотеатрында 12 көрерменді атып тастаған қылмыскердің ешқандай лаңкестік ұйыммен байланысы жоқтығын анықтаған. Бүл туралы Ақ үйдің ресми өкілі Джей Карни мәлімдеді. Карни: «Бұл сұмдық оқиға федеральды және жергілікті деңгейде тергеліп жатыр. Бірақ, қаныпезер мен лаңкестік ұйымдар арасында байланыс жоқтығы белгілі болып отыр» деді. Естеріңізге сала кетейік, қанды оқиға өткен жұма күні Бэтмен туралы жаңа фильмнің алғашқы көрсетілімінде...
date23.07.2012readCount2529readmoreТолығырақ
Ауғанстан қазба байлықтары бойынша екінші Сауд Арабиясына айналуы мүмкін
Ауғанстан қазба байлықтары бойынша екінші Сауд Арабиясына айналуы мүмкін. Мұндай болжам АҚШ жүргізген зерттеу нәтижелерінен кейін белгілі болып отыр. Пентагон АҚШ Геология қызметіне кен орындарын картаға түсіру үшін әскери тікұшақтар бөлген. Нәтижесінде, 24 аумақ ерекше назарға ілікті. Олардан мұнай, газ, алтын, мыс, темір, кобальт және өте сирек материал литийдің аса мол қоры табылған. Литий ноутбуктер мен ұялы телефондардың аккумуляторларын өндіруде қолданылатын басты...
date23.07.2012readCount5030readmoreТолығырақ