ЖарапазанАйтайын жарапазан қазағыма,Адал ас нәсіп болсын қазаныңа.Шайтандар кісенделген оразада,Мұсылман бекем болсын намазына.Мұхаммед үмбетіне жарапазан,Оразаң қабыл болсын ұстаған жан.Айтамын жарапазан Алашыма,Қазақтың құт дарысын даласына.Әуелі береке мен бірлік керек,Әлемде исі қазақ баласына.Айтайын жарапазан Астанаға,Тәңірім нұрын төксін бас қалаға.Өз елі, өз жерінде әр қазақтың,Бағы асып қолы жетсін баспанаға.Айтайын жарапазан Есіліме,Қазақтың ырыс келсін...