Жаңалықтар
Сауд арабиялық спортшы қыздың Олимпиада ойындарына алғаш қатысуы сынақпен басталды. Анығын айтқанда, 16 жастағы дзюдошы Войдар Шахеркани татамиде күресу үшін хижабын шешуі тиіс. Бұл туралы Халықаралық дзюдо федерцаиясының президенті Мариус Визер мәлімдеді. Мұндай талап «балуан қыздың өз қауіпсіздігі үшін» қажет көрінеді.
Шахеркани дзюдомен айналысуға екі жыл бұрын ғана ден қойыпты. Тепті оның қара белбеу дәрежесі де жоө екен. Сондықтан мамандар оның Олимпиадада елеулі нәтиже...
Француз археологтары Мысыр перғауындарының ең көне қайығын тауып алды. Су көлігіне шамамен 5000 жыл болған. Бұл туралы Мысырдың Заттар министрлігі мәлімдеді.
Мысырдың көне жәдігерлер министрі Мохамед Ибрагим Әли: «Ол жақсы сақталған. Толық қалпына келтіру үшін жәдігер Каир музейіне берілді», - деді.
Қайық 11 ағаш тақтайдан тұрады. Әр тақтайдың ұзындығы 6, ені 1,5 метр. Қайық толық қалпына келтірілген соң, Мысыр өркениетінің Ұлттық музейіне табысталады.
Мамандар қайықтың жерлеу...
Тәжікстандағы келіссөздер нәтижесіз аяқталды. Билік пен оппозиция арасындағы қарулы қақтығыс кез келген уақытта тұтануы мүмкін. Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының Орталық Азия және Қазақстан жөніндегі халықаралық бағдарламалар үйлестірушісі. Александр Князев Facebook-тегі парақшасында жазды.
Сарапшының мәлімдеуінше, үкімет оппозиция жетекшілеріне қаруларын 26-шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12-ге дейін тастау туралы үзілді-кесілді талап қойған. Бірақ, Князев бұл талап...
Қыз-келіншектерден құралған украиналық атышулы FEMEN қозғалысының белсендісі Киевке келген Мәскеу және бүкіл Русьтің патриархы Кирилді бас салмақ болған.
Жартылай жалаңаш қыз дінбасына «Аулақ кет» деп тұра ұмтылған. Алайда жолда тұрған тәртіп сақшылары оны ұстап қалды.
Патриахтың баспасөз хатшысы Александр Волков: «Патриах Кирилдің Украинаға сапарына осындай теріс қылықтармен кедергі жасауға талпыну өте өкінішті. Бірақ, мұндай әдепсіздіктер оның сапарына еш нұқсан келтіре...
«Иордан-Мысыр қарым-қатынасы туыстыққа негізделген әрі тамыры тереңде жатыр». Мысыр президенті Мұхаммед Мурси Иордания Сыртқы істер министрі Нассер Джудамен кездесуінде осылай деп мәлімдеді.
Нассер Джуда Каирге король Абдалла ІІ-нің хатын табыстау үшін келген болатын. Ол хатта король Мурсиді президенттік таққа отыруымен құттықтап, жақын арада онымен кездесуге сенім білдірген.
Мурси өз кезегінде, корольге алғыс айтып, экономикалық байланыстардың нығая түсетініне сендірді....
Иордания королі Абдалла II, Корольдіктің Қарулы күштерінің қолбасшысы және мұрагер ханзада Хусейн Арнайы іс-қимыл оқыту орталығында берілген мерекелік ауызашарға қатысты.
Бұл туралы осы елдің «Петра» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Осыдан бір күн бұрын Иордания королі Абдалла II мен оның зайыбы Рания жетім балаларға берілген ауызашарға қатысқан болатын.
Алжирде қасиетті Рамазан айының 20-шы күні Құран оқу бойынша халықаралық жарыстар өтеді. Сайыстарда 45 елдің өкілі бақ сынасады. Бұл туралы осы елдің Дін істері жөніндегі министрлігі мәлімдеді.
Сайыстардың ашылу салтанатына Алжир президенті Әбдел Әзиз Бутефликтің өзі қатыспақ.
Жарыстар Құран оқу, хафиздердің жатқа оқуы және жекелеген сүрелер мен аяттардың мағынасын түсіндіру сияқты бірнеше санат бойынша өткізіледі.
Қатысушылардың көбісі Латын Америка, Еуропа және Африка елдерінен...
Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноғлы БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунға хат жолдап, халықаралық қауымдастықтың Мьянма үкіметіне қысым жасауын сұрады.
Мұндай хат Мьянма президенті Тейн Сейнге де жіберілді. Онда Рохиьня мұсылмандарының қауіпсіздігін толық қамтасыз ету талап етілген. Сонымен бірге, Ихсаноғлы тез арада қантөгістің себеп-салдарын тергейтін комиссия құруға және айыптыларды жазалауға шақырды. Әрі осы бағытта ИЫҰ көмек беруге әзір екенін жеткізді.
Озық технологияның қолданысқа енуі барлық саладағы жұмыс жүйесін жеңілдеткені белгілі. Бес парыздың бірі – зекетін беруге асыққан мұсылман жамағаты үшін үлкен мүмкіндік туды.
Енді Кселл және Актив байланысына қосылған абоненттер де СМС арқылы Зекет бере алады. Бүгінгі күнге дейін Билайн телефоны бар адамдар 2011 нөміріне бос смс жолдау арқылы 200 теңге зекет қорына садақа салу мүмкіндігі болса, енді Кселл және Актив абоненттері 2012 нөміріне «зекет» немесе «zeket» сөзін жазып...
Ислам Ынтымақтастығы ұйымы Меккеде 2012 жылдың 14-15 тамызында жоғары деңгейде Ислам конференциясының төртінші кезектен сессиясын өткізеді, – деп хабарлайды muslim.kz.
Ұйымға мүше мемлекеттер Сауд Арабиясының королі Абдулла бен Әбд әл-Әзиз Әл Саудтың шақыруы бойынша жиналады.
Король Абдулла бен Әбд әл-Әзиз Әл Сауд ислам әлемінде қалыптасқан жағдайды қарастырады, ондағы қақтығыстар мен алауыздықтардың түпкі себебіне үңіледі, ислам жамағатын біріктіру жолдарын қарастыруды...
1081061051041031021011009998