Қамкөңіл жандарға рамазан айындағы қамқорлық
ҚМДБ Зекет қорының Астана қаласындағы өкілдігі Астана қаласының іргесіндегі халық аузында Илинка атанып кеткен Қараөткел ауылында қасиетті айда қамкөңіл жандарға көмек көрсетті. Ауыл әкімшілігінің рұқсаты бойынша ҚМДБ Зекет қорының Астана қаласы бойынша өкілі Айбек Асқарбекұлы әкімшіліктің арнайы маманымен бірге ауылды аралап көріп тұрғындардың тұрмыс тіршілігімен таныса келе солардың ішіндегі жағдайлары төмен әлеуметтік аз қамтамассыз етілген онбес отбасыға қор атынан...
date31.07.2012readCount3063readmoreТолығырақ
«АҚШ Иранды бомбалауды жоспарлап қойған» – Israel Herald интернет газеті
Құрама штаттар Иранға қарсы соғыс амалдарын жоспарлап қойды. Әрі АҚШ қажет болса, Иранға шабуыл жасауға құмартып отырған Израильге де қолдау көрсететінін айтқан.Бұл туралы еврейлердің Israel Herald интернет газетінде жарияланған мақалада жазылды. Басылымның жазуынша, АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Томас Донилон өткен жексенбіде Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен осы жоспарды талқылау үшін кездескен. Донилон оған Иран аумағындағы бомбалануы мүмкін...
date30.07.2012readCount2989readmoreТолығырақ
Мьянмадағы мұсылмандар көсемі халықаралық байқаушыларды осы елге келуге шақырды
Мьянмадағы мұсылмандар көшбасшысы, доктор Мохаммед Юнус халықаралық байқаушыларды Аракан аймағына келуге шақырды. Ол Араканда жергілікті буддистер соңғы бірер күннің ішінде-ақ мыңдаған мұсылманды қырып тастағанын ашына мәлімдеді. Бұдан басқа, ол жаппай зорлық-зомбылық кесірінен көптеген мұсылмандар ұшты-күйлі жоғалып кеткенін жеткізді.Сонымен бірге, Юнус Буддаға табынушаларға Мьянма үкімет әскері қолдау көрсетіп, қолдарына қару-жарақ ұстатты дейді. Қазір, билік күштері білімді,...
date30.07.2012readCount2820readmoreТолығырақ
Иран АҚШ пен Еуроодақты сотқа бермек
Иран АҚШ пен Еуроодақты біржақты санкциялар қабылдағаны үшін сотқа бермек. Батыс елдері ресми Тегеранға қарсы шектеулерді Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің рұқсатынсыз енгізген. Бұл туралы Иран президенті жанындағы Халықаралық-құқықтық мәселер жөніндегі орталық басшысы Мәжит Жафарзада жергілікті Press TV телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Бірақ, ол шағымның нақты қандай ұйымға берілетінін ашып айтпаған.
date30.07.2012readCount2779readmoreТолығырақ
Индонезияда бір мезгілде жүздеген студент жиналып, қасиетті Құран оқыды
Индонезияда жүздеген студент жиналып, қасиетті Құранды бір мезетте оқыды. Бұл айрықша шара Рамазан айының жетінші күнімен тұспа тұс келген. Құран оқыған жастар Ар-Раудхатул Хасана мұсылман мектеп-интернатының шәкірттері.
date30.07.2012readCount2548readmoreТолығырақ
Қарттарымыз қазынамыз
"Қарттарымыз қазынамыз" деген атамыз қазақтың қанатты сөзін жете түсінген ҚМДБ Зекет қорының Астана қаласындағы өкілдігі Астана қаласы Көктал шағын ауданындағы Қарттар үйінің ауыз бекіткен онбес қариясын қордың ұйымдастыруымен өтіп жатқан жалпы халыққа арналған ауызашарға Алла разылығы үшін алып барды. Сонымен қатар ҚМДБ Зекет қорының Астана қаласы бойынша өкілі Айбек Аташ ауыз бекіткен қарияларға шіліңгір шілденің аптап ыстығында ұстаған оразалары жеңіл болсын деген ниетпен...
date30.07.2012readCount4137readmoreТолығырақ
Башқұрстанда сахабалардың құрметіне мешіт ашылады
Башқұрстанда сахабалардың құрметіне мешіт ашылады. Құлшылық орны осы елдің Миякинск ауданындағы Нарыс тауының етегінде салынады. Құрылыс жұмыстары қайырымдылық есебінен қаржыландырылады. 630 жылы мұнда Асыл Пайғамбарымыздың (c.ғ.с.) тәлімін алған әкелі-балалы Зүбәйір бин Заит пен Әбдірахман бин Зүбәйір Ислам дінін таратуға келген. Олар осы маңдағы Нарыс таудың биігінде жерленген. 2011 жылы бұл жерге ескерткіш орнатылды. Мұндай жаңалық жергілікті жұрттың көңілін көтеріп тастады....
date28.07.2012readCount2735readmoreТолығырақ
Суданда Африкадағы ең үлкен балалар үйі салынады
«Yardimeli» түрік қайырымдылық ұйымы Судан мұсылман елінің астанасы Хартумда Африкадағы ең үлкен балалар үйінің құрылысын салуға кірісті. Балалар үйі «Әлеуметтік кешен және Құран үйрену жөніндегі мектеп – Ақаба (aqaba)» деп аталады. Жаңа нысан 7200 шаршы метр жерге салынып, 7 блоктан тұрады. Кешенге шамамен 400 жетім бала сияды. Жобаның құны 2 миллион АҚШ долларын құрайды.
date27.07.2012readCount3259readmoreТолығырақ
Татарстанда астыртын радикалды топтар жоқ – РИУ ректоры
Құрметті сайт қонақтары! Назарларыңызға Slon сайтының тілшісі Вера Кичанованың Ресей Ислам университетінің ректоры Рафик Мұхаметшинмен Татарстандағы Ислам діні туралы сұхбатының қазақша аудармасын ұсынып отырмыз. – Татарстандағы мұсылман ағымдарының арасындағы текетірес қаншалықты күшті? – Ешқандай да текетірес жоқ. Солтүстік Кавказбен салыстырғанда мұнда ондай теріс үрдіс байқалмайды. Иә, Татарстанда әр түрлі ағымдар бар, бірақ олар ұйымдасқан топ ретінде әрекет етпейді....
date27.07.2012readCount2968readmoreТолығырақ
Израиль Голан тауларында қорған тұрғызады
Израиль Сириядан ағылатын босқындар легін тоқтату үшін араб мемлекетімен арадағы шекарасын нығайтпақ. Осы мақсатта Контор қаласының маңындағы Голан тауларында қорған тұрғызу ісіне кірісті. «Аль-Арабия» сайтының жазуынша, еврей шекарашылары қорған бойымен тікенек сымдар тартып, терең ор қазып тастайды. Бұдан басқа, Израиль үкіметі Сириямен арадағы шекараға әскерін төгіп жатыр. Әсіресе, мергендер мен әскери ұшақтардың саны көбейген.
date27.07.2012readCount2585readmoreТолығырақ