Обама Иранға қарсы жаңа санкциялар қабылдады
АҚШ президенті Барак Обама Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізгенін хабарлады. Бұл жолғы шектеулер энергетикалық, мұнай-химия және қаржы салаларына қатысты. Жаңа санкциялар ресми Вашингтонның пікірінше, халықаралық ядролық энергетика саласындағы халықаралық келісім-шарттарды орындамай отырған Иран билігіне қысымды күшейтуі тиіс. АҚШ Иранның Орталық банкімен бірге, осы елдегі шетелдік екі банкке де қарсы шектеулер енгізді. Олар – қытайлық Куньлунь Банкі және Ирактың Элаф Ислам...
date01.08.2012readCount2655readmoreТолығырақ
Газа секторының халқы ауыз ашарларын қараңғыда ішуге мәжбүр
Газа секторының халқы ауыз ашарларын қараңғыда ішуге мәжбүр. Бұған электр жарығының болмауы себеп. Газада 1,6 миллион адам тұрады. Оның үштен бірі қазір жарықсыз отыр. Израильдің 2008-2009 жылдары жүргізген басқыншылық соғысынан кейін жергілікті электр станцияларының 6 бірдей трансформаторы жойылған. Бүгінде тек бір ғана трансформатор жұмыс істейді. Биылғы Рамазан айы жылдың ең ыстық әрі ең ұзақ мезгіліне дөп келді. Сондықтан, жергілікті мұсылмандарға қиын соғуда. Үйлерінде не тамақ...
date31.07.2012readCount2886readmoreТолығырақ
Индонезиялық жастар арақ сатқан шарапхананың тас-талқанын шығарды
Индонезиялықтар қасиетті Рамазан айында арақ сатқан шарапхананың тас-талқанын шығарды. «Де Мост» деген барды талқандауға 150-ге жуық адам қатысқан. Полиция 62-сін қамауға алған. Ең жасы – 13-те. Жергілікті аға тергеуші: «Қамауға алынғандардың көбісі – кәмелетке толмағандар. Олар самурай қылыштарымен, орақтар және гольф ойнайтын таяқшалармен қаруланған. Есік-тезелерді сындырған. Олар Рамазан айы кезінде барлық шарапханалардың жабылғанын талап етіп жатыр», - деп...
date31.07.2012readCount2814readmoreТолығырақ
Татарстанда Ресейден тыс елде білім алғандардың имам болуына  шектеу қойылмақ
Татарстанда Ресейден тыс елде білім алғандардың имам болуына шектеу қойылмақ. Татарстан Мұсылмандар діни басқармасы республиканың Мемлекеттік кеңесіне діни ұйымдар туралы жергілікті заңға осындай түзету енгізуді ұсынып отыр. Егер, бұл талап ескерілсе, татар мүфтиятына шетелдік діни оқу орындарын бітіргендердің дипломдарын қарап, соңғы шешімді өздері қабылдау құқығы беріледі. Бұл туралы Татарстан мүфтиінің міндетін уақытша атқарушы Абдулла Адыгамов мәлімдеді. Ол мүфтият...
date31.07.2012readCount2514readmoreТолығырақ
Тәліптер Мьянмадағы мұсылмандарды қорғауға уәде берді
Пәкістандағы «Талибан» қозғалысының өкілі Ексанулла Ексан осы елдегі Мьянма елшілігін жауып, қарым-қатынасты түбегейлі үзуді талап етті. Ал, Бирмадағы қырып-жою тоқтатылмаса, тәліптер мұсылмандарды өз қолдарымен қорғауға уәде берді. Осы аптада Иран, Индонезия, Палестина, Пәкістан мен Таиландта мыңдаған адам Мьянмадағы буддистер мен үкімет әскерінің жазықсыз мұсылмандарды азаптау әрекеттеріне қарсы наразылық шерулеріне шықты. Айта кетерлігі, Мьянма оппозициясының...
date31.07.2012readCount2755readmoreТолығырақ
Швейцария футболшысы нәсілдік кемсітуге байланысты Олимпиада қатарынан шығып қалды
Швейцария футбол құрамасының ойыншысы Мишель Морганелла Лондондағы Олимпиадаға қатысушылардың қатарынан нәсілдік кемсітуге жол бергені үшін шығып қалды. Assisiated Press-тің хабарлауынша мұндай шешімді Швейцария олимпиада командасының басшылығы қабылдаған. Швейцария құрамасы Оңтүстік Коррея командасынан 2:1 есебімен жеңіліс тапқаннан кейін швейцариялық қорғаушы Мишель Морганелла өзінің твиттерінде кәрістерді нәсілдік тұрғыдан кемсітіп, сес көөрсеткен. Өзінің қарсыластарын ол...
date31.07.2012readCount2941readmoreТолығырақ
АҚШ президенттігінен дәмелі Митт Ромни палестиналықтардың ашу-ызасын тудырды
АҚШ-тың президенттік сайлауына республикашылдар партиясының атынан түсетін Митт Ромни палестиналықтардың қатаң сынына тап болды. Ромни Израильге барған сапарында мұсылмандардың ашу-ызасын тудыратын мәлімдемелер жасады. Нақты айтқанда, ол еврей экономикасы Палестинаға қарағанда қуатты, бұған басты себеп Израиль мәдениеті деп бөскен. Палестина Ұлттық әкімшілігі басшысының кеңесшісі Саиб Ерекат бұл америкалық саясаткердің бұл сөздерін нәсілшілдік деп айыптады. Ерекат...
date31.07.2012readCount2722readmoreТолығырақ
Сирияның Лондондағы дипломаты оппозиция жағына өтті
Сирияның Лондондағы дипломатия қызметінің басшысы Халед әл-Аюби оппозиция жағынан өткенін жариялады. Ол бұдан әрі «өз халқын аяусыз басып-жаншыған режимге» қызмет еткісі келмейтінін айтқан. Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігі Аюбидің кеткеніне қуанып жатыр. Британиялықтар бұл қадамды Сирия билігіне жасалған тағы бір соққы» деп бағалады. Ресми Лондон: «Біз Башар Асад маңындағы басқа да адамдарды, Аюбиден үлгі алып, бейбітшілік пен Сирияның бостандығын жақтауға...
date31.07.2012readCount2548readmoreТолығырақ
Владимир Путин тиым салынған интернет-сайттардың тізімі туралы заңға қол қойды
Ресей президенті Владимир Путин тиым салынған интернет-сайттардың тізімі туралы заңға қол қойды. Заң мәтіні Российской газета сайтында жарық көрді. РБК-ның жазуынша аталмыш құжат 2012 жылдың 1 қарашасынан бастап толық күшіне енеді. Аталмыш заңға сәйкес тізімге тиым салынған ақпараттарды, атап айтқанда, балалар порнографиясын, нашақорлықты насихаттайтын және адамдарды өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін ақпараттарды таратқан сайттар енеді. Сайттар мен парақшалар бұл тізімге автоматты...
date31.07.2012readCount3148readmoreТолығырақ
Олимпиада-2012. Мұсылмандардың олимпиада ойындарына қатысудың тарихи мәні зор
Пневматикалық винтовкадан көздеп атудан 17 орынды місе тұтса да 20 жасар Катар азаматы Бахья Мансур аль-Хамад (Bahya Mansour Al-Hamad) қуаныштан көз жасына ерік берді. Ол Олимпиадаға алғаш рет қатысып отыр. «Мен аңсаған арманыма қол жеткіздім»,- деді аталған елдің атынан алғашқы болып қатысқан спортшы. Осы арқылы өзінің тарихи қадам жасағанын паш етті, деп жазады OnIslam. Аль-Хамад – Катар, Сауд Аравиясы және Брунейдің атынан Олимпиадаға қатысқан мұсылман спортшысы әрі өз елінің атынан алғаш...
date31.07.2012readCount3030readmoreТолығырақ