Тәжік билігі ауған босқындарын елден күштеп шығару мүмкін
Тәжікстан билігі осы елдің аумағында тұрып жатқан ауған босқындарын күштеп шығару жолын қарастырып жатыр. Мұндай қатаң шараларға Таулы-Бадахшан автономды облысындағы лаңкестік әрекеттер себеп. Осы аймақта содырлар Тәжікстан Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқарма басшысы Абдулло Назаровты атып өлтірген болатын. Кейін үкімет әскері арнайы операция жүргізіп, 9 лаңкесті өлтіріп, 4-уін қамауға алды. Олардың барлығы Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтары болып...
date02.08.2012readCount2724readmoreТолығырақ
Америка Сирия оппозициясына 25 миллион доллар көмек берді
Америка Сирия оппозициясына 25 миллион доллар көмек берді. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Патрик Вентрелл арнайы брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ Сирия үкімет әскерімен соғысып жатқан бүлікшілерге жәрдем жасауды жалғастыра бермек. Вентрелл АҚШ Сирия президенті Башар Асадқа қатысты қандай шаралар қабылдайды деген сұраққа, ол: «Асад неғұрлым ертерек кетсе, соғұрлым жақсы болатынына еш күмән жоқ. Осы былықтың бәрі тек оның билікте отыруымен байланысты. Біз...
date02.08.2012readCount2803readmoreТолығырақ
Бахрейндегі сүнниттер мен шииттердің арасы Рамазанда жақсара бастады
Бахрейннің сүнниттері мен шииттері қасиетті Рамазан айында бір-біріне қонаққа келуде. Мұндай бастама «Бізді Бахрейн біріктіреді» деген ұранмен басталған. Осы жобаның аясында сүннит-депутаттар шииттер тұратын ауданға барды. Кездесу барысында екі топ та ұлттық бірліктің қажеттілігін ерекше атап, діни алауыздықтарды айыптады.
date02.08.2012readCount3061readmoreТолығырақ
Судан инвестиция тарту бойынша араб елдерінің арасында көш бастап тұр
Судан шетелдік инвестиция тарту бойынша араб елдерінің арасында бірінші орында тұр. Бұл туралы Арабаралық инвестициялық кепілдік корпорациясының есебінде айтылды. Суданның Жоғары инвестициялық кеңесіндегі мемлекеттік министр ас-Садық Мұхаммед Әли осы елдің вице-президенті, доктор әл-Хаджем Адам Юсуфпен кездескеннен кейін жасаған мәлімдемесінде, әлемдегі саяси және экономикалық дағдарыс кезінде Суданның инвестициялық мүмкіндіктерін арттыра беру қажет деді. Вице-президент...
date02.08.2012readCount2927readmoreТолығырақ
Қытай билігі ұйғырларға Рамазан айының оразасын ұстауға тыйым салды
Қытайдың Синьцзян аймағындағы мұсылман ұйғырлардың діни сенім-наным бостандығы шектеліп, құқықтары аяққа тапталып жатыр. Жергілікті билік ұлты ұйғыр мемлекеттік қызметшілер мен студенттерге қасиетті Рамазан айында ауыз бекітуге тыйым салған. Хансулар мұндай талап әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін қажет деп түсіндіреді. Синьцзян үкіметінің веб-сайтында партия басшыларына күндізгі уақытта ауылдағы старосталарға азық-түліктен «сый-сияпат» жасау тапсырылған. Коммунистер...
date02.08.2012readCount2951readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешіті республикалық бәйге жариялайды
Құрметті қаламгерлер! Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешіті Ислам дінінің асыл құндылықтарын ғылыммен, заман және қоғам талабымен, ұлттық рухани бастауларымызбен ұштастыра қалам тербейтін қарымды қаламгерлердің еркін тақырыптағы рухани, танымдық, діни мақалаларына республикалық бәйге жариялайды.   Жүлделер: Бас бәйге – 200 000 теңге І орын – 150 000 теңге ІІ орын – 75 000 теңгеден (2 адамға) ІІІ орын – 50 000 теңгеден (3 адамға) Ынталандыру сыйлықтары – 20 000 теңгеден (5...
date02.08.2012readCount7987readmoreТолығырақ
Қазақстан Мәскеу Собор мешітінің құрылысын аяқтауға көмектеседі
Ресей Мүфтилер Кеңесінің Төрағасы Равиль Гайнутдин өз резиденциясында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов және Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевпен кездесті. Бұл Ресей Мүфтилер Кеңесі Төрағасының Елші мырзамен алғашқы жүздесуі болса да, қатысушылар сыралғы таныстардай шүйіркелесіп, кездесу Ресей мен Қазақстан арасындағы достық байланыстардың тамыры тереңдігінің...
date02.08.2012readCount2850readmoreТолығырақ
Мьянма мұсылмандары Түркиядан көмек сұрады
Қуғынға ұшыраған Мьянма мұсылмандарының өкілі Мұхаммед Юнус Түркия басшылығын және бүкіл әлемді рохинья мұсылмандарын қырып-жоюды тоқтатуға ықпал жасауға шақырды. Түркияның Дін істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған «Ислам елдері Рамаданда Ыстамбұлда бас қосады» атты конференцияға қатысу үшін келген Мұхаммед Юнус түрік сыртқы істер министрі Ахмет Дәуітоғлымен кездесті. Юнустың айтуынша, Араканда тұратын 3-шілдеде басталған мұсылмандарға азаптаудың әлі шеті...
date02.08.2012readCount2964readmoreТолығырақ
Ғасырлық тарихы бар Құран
Бүгін "Әзірет Сұлтан" мешітінде айтулы оқиға болды. Өзбекстаннан оралған қандасымыз Убайдулла Бекдуллаев әкесінің өсиеті бойынша атасы Әлішбек Досанұлына тиесілі қасиетті Құран кітабын мешітімізге сыйға тартты. Убайдулла Бекдуллаев бас имам Қайрат Жолдыбайұылымен әңгімелесу барысында: «Арғы атам Досан қазақтың Балқы руының биі болған адам. Олар үш жүз жыл бұрын «Ақтабан шұбырынды» ашаршылығы кезінде Бұқар облысына қоныс аударған», деді. Құран 1917 жылы Қазандағы...
date01.08.2012readCount3278readmoreТолығырақ
Америка соты Иран, «Әл-Каида» және «Талибанды» 11 қыркүйектегі лаңкестік үшін өтемақы төлеуге міндеттеді
Нью-Йорк соты Иран үкіметі, «Әл-Каида» және «Талибан» қозғалысы 2001 жылғы 11 қыркүйектегі атышулы лаңкестік құрбандарының туған-туыстарына ақшалай өтемақы төлеуі қажет деген қаулы шығарды. Жалпы өтемақы көлемі 6 миллиард долларды құрайды. Дегенмен, мамандар бұл сот шешімі тек символдық сипатқа ие екенін айтады. 2001 жылғы 11 қыркүйекте екі ұшақ Нью-Йорктағы Бүкіләлемдік сауда орталығының егіз ғимаратына соғылып, 3 мың адамның өмірін қиған болатын. Бұл лаңкестік әрекеттерді...
date01.08.2012readCount3404readmoreТолығырақ