«Әзірет Сұлтан» мешіті БАҚ өкілдерінің басын қосты (фото)
Қасиетті Рамазан айында ауызашар беріп сауап жинауды әдетке айналдырған «Әзірет Сұлтан» мешіті кеше Астанадағы барлық бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдерінің басын қосып тағы бір сауапты шараға мұрындық болды. Ауызашарға еліміздегі барлық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Ең әуелі ақшам намазына азан айтылып, Құран оқылған соң «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы сөз алып, ауызашар кешінің шымылдығын түрді. «Сіздер мен...
date10.08.2012readCount2618readmoreТолығырақ
АҚШ-тағы сикхтар храмында 6 адамды атып тастаған қылмыскер ақыры өзіне оқ жұмсады
АҚШ-тың Уисконсын штатындағы сикхтар храмында 6 адамды атып тастаған қылмыскер 40 жастағы Уэйд Майкл Пейдж ақыры өзіне оқ жұмсады. Бұл туралы оны қамауға алу кезінде жарақаттаған Федеральды барлау бюросының өкілдері мәлімдеді. Қазір ФББ (Федеральды барлау бюросы) Пейджді қылмыс жасауға не итермелегенін анықтау үстінде. Тергеушілер оны білетін он шақты адамнан жауап алды. Бұрын-соңды Пейдждің бұл храмға келгенін көрген жан жоқ. Полициямен де өштесетіндей еш себебі болмапты. Храмға...
date09.08.2012readCount2541readmoreТолығырақ
Сара Аттар Сауд Арабиясынан Олимпиадаға қатысқан тұңғыш желаяқ қыз атанды
Сара Аттар Сауд Арабиясынан Олимпиада ойындарына қатысқан тұңғыш желаяқ қыз ретінде осы елдің тарихында қалды- деп хабарлайды muslim.kz. 19 жастағы бойжеткен алдын ала жүгіру жарысында 800 метрді жүгіріп өтті. Мұсылман елінің жеңіл атлетшісі сайысқа Ислам талабына сай етек-жеңін қымтап, басына орамал тағып шықты. Бірақ, ол 2.44,95 нәтижені көрсетіп, жартылай финалға өте алмады. Дегенмен де, жарыс аяқталған бетте, стадион толы қалың жұрт орнынан тік тұрып, батыл қызға үлкен қошемет...
date09.08.2012readCount3261readmoreТолығырақ
Ливияның өтпелі ұлттық кеңесі билікті жаңа сайланған ұлттық конгреске берді
Ливияның өтпелі ұлттық кеңесі 8 тамызда билікті Бас ұлттық конгреске берді. Конгресс парламент қызметін атқарады, деп хабарлайды Agence France-Presse. 200 адамнан тұратын Бас ұлттық конгрестің міндеттеріне жаңа үкіметті жасақтау, сондай-ақ, Ливияның жаңа конституциясының жазылу тәртібін белгілеу және жаңа заң қабылданғанша парламент қызметін атқарып,, мемлекетті басқару кіреді. Алда елді президент және парламент сайлауы күтіп тұр. Қасиетті Рамазан айының 20-сында орын алған билікті тапсыру...
date09.08.2012readCount2560readmoreТолығырақ
Сирияда ресейлік әскери кеңесші өлтірілді
Сирияда ресейлік әскери кеңесші өлтірілді. Араб еліндегі оппозиция өкілдері Сирия қорғаныс министрінің кеңесшісі болып жүрген Ресей генералы Владимир Коджиевтің көзін жойғанын әрі осы операция кезінде бірнеше маңызды құжаттар мен карталар алынғанын мәлімдеді. Бұл жаңалықты «Әл-Арабия» телеарнасы таратты. Бүлікшілер Коджиевтен басқа, оның аудармашысы Ахмед Аикті де өлтіргендерін жария етті.
date08.08.2012readCount2524readmoreТолығырақ
Иран БҰҰ Бас хатшысынан көмек сұрады
Ресми Тегеран БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунге Сирия оппозициясы кепілге алған Иран қажыларын босатуға көмектесу туралы өтініш жасады. Аталған хатты Иран Сыртқы істер министрі Әли Әкбар Салехи жолдады. Сонымен бірге, Әли Әкбар Салехи хатта оппозиционерлердің үш ирандық қажыны жазалағанын атап көрсеткен. 4-тамызда Сириядағы шиит әулиелерге тәу ету үшін келген 48 қажы «Сирия азат әскерінің» қолына түскен. Оппозиция жақтастары оларды Иран режимінің тыңшылары әрі «Ислам төңкерісін...
date08.08.2012readCount2324readmoreТолығырақ
Мысыр Синай түбегін бомбалады
Мысыр әскері Израиль шекарасына жақын Синай түбегін бомбалады. Бұл туралы мысырлық Al-Ahram газетіне сілтеме жасаған Reuters ақпарат агенттігі хабарлады. Әуе соққысынан 20 содырдың көзі жойылған. Куәгерлер екі әскери ұшақты көргендерін және артынан жарылыстарды естігендерін айтады. Олардың мәлімдеуінше, кем дегенде үш көлік отқа оранған. Мысыр билігі 5-тамызда шекара бекетіндегі 16 сарбазға шабуыл жасалғаннан кейін содырларға соққы беруге шешім қабылдады. Ресми Каирдің пікірінше, бұл...
date08.08.2012readCount2581readmoreТолығырақ
БҰҰ бақылаушылары Алеппода  қызметін тоқтатты
БҰҰ бақылаушылары Сирия азаттық армиясы мен тұрақты әскердің арасында соңғы күндері жиілеп кеткен қарулы қақтығыстың салдарынан Сирияның экономикалық астанасы Алеппода қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Associated Press. Алеппода жиырма бақылаушы бар, олардың бәрі Дамаскідегі штаб-пәтерде орналасқан. БҰҰ өкілдері хабарлағандай, бұған амалсыздан барып отыр, аймақта қауіп сейілгенде бақылаушылар өз қызметіне қайтып оралады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Жерар Ароның айтуынша миссия...
date07.08.2012readCount2609readmoreТолығырақ
«Мұсылман бауырлар» Моссадты Израиль-Мысыр шекарасындағы шабуылға қатысы бар деп айыптап отыр
Израиль Сыртқы істер министрлігінің өкілі бұл айыптауды жоққа шығарды. Шабуылдың нәтижесінде Мысыр қауіпсіздік қызметінің 16 қызметкері қаза тапты. Кейін израилдік әскер хабарлағандай, ел территориясына баса-көктеп кірген содырлардың тек 7-еуі ғана көз жұмған. Израиль мен Мысыр бар жауапкершілікті ислам содырларына аударды. Осы аралықта «Мұсылман бауырлар» қозғалысының сайтында бұл инциденттің артында Мосссадтың тұрғаны анықталды деген ақпарат жылт ете...
date07.08.2012readCount2877readmoreТолығырақ
Сирияның бұрынғы премьер-министрі отбасымен Иорданияға қашып кетті
Сирияның бұрынғы премьер-министрі Рияд Хиджаб Иорданияға қашып кетті. Бұл турасында Reuters Arabic ақпарт агенттігі иорданиялық ресми ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, 6 тамызда хабарлады. Сирия тарапы Хиджабтың отставкіге кеткенін әрі премьер-министр қызметіне Хиджабтың орынбасары болған Омар Гадаванджидің тағайындалғанын жариялады. Иорданиялық ақпарат көздері Хиджабтың отбасымен Иорданияда екенін хабарлаған болатын. Хиджабтың қызметтен кетуі Башар Асадтың төңірегіндегі...
date07.08.2012readCount2702readmoreТолығырақ