Бас мешітте 800 жанға алғашқы ауызашар берілді (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде алғашқы ауызашар дастарханы жайылды. Жыл сайын Рамазан айы бойы жамағатқа тегін ауызашар ұйымдастырып келе жатқан республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі берекелі дастарханның биылғы жылы ауқымы кеңейген болатын. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен құлшылық ордасының оң жақ қанатындағы кіреберіс залға да дастархан жайылып,...
date17.05.2018readCount1462readmoreТолығырақ
Рамазанға орай мешіт мейрамханасының жабдықтары түгелдей жаңартылды (ФОТО)
Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті ашылғалы бері қасиетті Рамазан айы бойы жамағатқа тегін ауызашар ұйымдастырып, сауапты іске себепкер болып келеді.  Арнайы ұйымдастырылған акция аясында Бас мешітте биылғы жылға дейін күн сайын 500 жанға дастархан жайылып келген болатын. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бұл игі шараның ауқымы биылғы жылы бұрынғысынан да кеңейіп,...
date17.05.2018readCount1079readmoreТолығырақ
Бас мешітте алғашқы тарауих намазы оқылды (ФОТО+ВИДЕО)
Исі мұсылман қауымы сағына күткен қасиетті Рамазан айы да басталды. Берекелі айда Алла разылығынан үміт еткен мұсылман қауымы бүгін құлшылық ордаларына жиналып, тарауих намаздары да басталып кетті. Сауабы сансыз мүбәрак айды мейлінше пайдалы өткізуді жоспарлаған еліміздің барлық құлшылық ордалары бұл күнге дайындықтарын ерте бастан пысықтап, қапысыз қамданып та қойған болатын. Жамағат жағы да қасиетті аймен қауышар сәтке ерекше дайындықпен, айрықша ықыласпен аяқ басып, кеш...
date17.05.2018readCount2217readmoreТолығырақ
Наурызбай қажы Тағанұлы: Рамазан мүбәрак болсын! (ВИДЕО)
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Адамзат баласын тура жолға бастаушы Құран кәрімнің алғашқы құтты аяттары түсе бастаған қасиетті Рамазан айы да келіп жетті. Баршамыз асыға күткен Рамазан – игілік пен береке, кешірім және мейірім һәм қайырымдылық айы. Ол жайында «Бақара» сүресінің 185-аятында: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам бірден ораза...
date16.05.2018readCount1296readmoreТолығырақ
Muslim.kz порталы жаңа нұсқада оқырманға жол тартты (ФОТО)
Бүгін, қасиетті Рамазан айының қарсаңында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде қуанышты оқиға орын алды. Арнайы баспасөз конференциясында республикалық Бас мешіттің ресми порталы Muslim.kz сайтының жаңартылған нұсқасы таныстырылып, оқырманға жол тартты. Шараның шымылдығы ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау лебізімен ашылды. Рухани бағыттағы насихат жұмыстарын жандандыру жолында жемісті еңбек...
date16.05.2018readCount1176readmoreТолығырақ
Тарауих намаздарынан соң тегін автобус жүреді (КЕСТЕ)
Мінекей, қасиетті Рамазан айының басталуына да санаулы сағаттар ғана қалды. Көп ұзамай бүкіл әлем мұсылмандары Рамазан айын қарсы алып, Алла разылығы үшін ауыз бекітетін болмақ. Танның атысы мен күннің батысы аралығында ішіп-жемнен, нәпсі қалауларынан тыйылып, тақуалыққа талпыныс жасайды. Ізгілік пен имандылыққа бет бұрып, қасиетті Құран түскен құтты айды лайықты дәрежесінде өткізуге әрбір мұсылманның тырысары сөзсіз. Осы орайда, ҚМДБ тарапынан еліміздегі мешіттерде қасиетті...
date16.05.2018readCount1399readmoreТолығырақ
Рамазан қарсаңында Қазақстанда тұңғыш рет Құран кәрім басылып шықты (ФОТО)
Қасиетті Рамазан айының қарсаңында елімізде алғаш рет Құран кітабы басылып шығып отыр. Бұл Құран кәрім Мәдина басылымына негізделе отырып дайындалған. Оқуға қолайлы болуы үшін, әсіресе, Құран оқуды жаңа бастағандарға жеңіл болуы үшін қарапайым шрифт таңдалған. Бұл басылымның басты ерекшелігі сол – аяттардың арабша мәтіні мен қазақша аудармасын тыңдауға мүмкіндік беретін QR-код қызметі қолданылған. Нақтырақ айтқанда, смартфонға немесе планшетке Play Market-тен немесе Apple Store-дан кез келген...
date16.05.2018readCount1492readmoreТолығырақ
Ораза және намаз кестесі – 2018
Рамазан уақытының өзгеруіне байланысты назарларыңызға 2018 жылғы Қазақстан елдімекендерінің Рамазан айындағы ораза және намаз кестесінің жаңа нұсқасын ұсынамыз! Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 300 теңге болып бекітілді. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады. Барлық елдімекендердің намаз уақыттарын ЖҮКТЕУ 1. АСТАНА ҚАЛАСЫ  2. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ  3. АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ  4. КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ  5. АТЫРАУ...
date15.05.2018readCount4415readmoreТолығырақ
Бас мүфти рамазанға байланысты баспасөз мәслихатын өткізді (ФОТО)
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматы қаласында «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінде қасиетті рамазан айының келуіне орай баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз жиынына Бас мүфтидің бас кеңесшісі, шейх Мұхаммед-Хұсейн Алсабеков, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы, ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек қажы Шоқаевтар қатысты. Баспасөз мәслихатында бірінші сөз алған Бас мүфти Серікбай қажы...
date14.05.2018readCount895readmoreТолығырақ
Бас мешіт шәкірттері ұжымдық серуенге шығып қайтты (ФОТО)
Кешегі жексенбі Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттері үшін ерекше күндердің бірі болды. Бас мешіттегі «Діни сауат ашу курсының» оқу бағдарламасының аяқталуына орай ұйымдастырылған ұжымдық серуен шәкірттер қауымын ынтымаққа ұйыстырып, бірлігін бекемдей түсті. Қала сыртындағы демалыс орында бас қосқан Бас мешіт қызметкерлері мен шәкірттері осылайша жексенбі күнін тағылымға толы өткізіп, тынығып қайтты. Шәкірттердің бір-бірімен етене танысып,...
date14.05.2018readCount1376readmoreТолығырақ